Кеше Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов өзінің клубы "Адана Демирспор" мен Әзербайжанның "Сумгайты" арасындағы жолдастық кездесуге қатысты.
Футболшы командаластарын екінші таймға капитан болып бастап шыққан. Жолдастық кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.
Голдар: Юсуф Бараси 13 (пенальтиден), 37 – Рагим Садыхов 24, Никола Вуйнович 56.
Айта кетейік, Абат Айымбетов Түркия суперлигасына осы жылдың ақпанында ауысқан. Футболшы мен клубтың келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін. 28 жасар шабуылшы өткен маусымда "Адана Демирспордың" сапында 9 матқа шығып, 1 доп салды. Бұған дейін Айымбетов "Крылья Советов","Ақтөбе" және "Қайрат" жейдесінде өнер көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET