Абат Айымбетов бес ай бойы жалақысын ала алмай жүр ме?

21.05.2024, 06:37

"Azerisport.com" сайтының мәліметіне сенсек, Түркия Суперлигасында өнер көрсететін "Адана Демирспор" клубы санкцияға байланысты қаржылай қиындықтарға тап болған

Абат Айымбетов "Адана Демирспор" сапында

Осының салдарынан команда ойыншылар алдында біраз қарызға батқан көрінеді. УЕФА тарапынан салынған санкция мен қаржылай дағдарыстың кесірінен клуб инвестор іздеп әуре делінген.

Айта кетейік, Аданалық клуб қатарында Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов өнер көрсетеді. Отандасымыз Түркия Суперлигасына ақпан айында ауысып, осы жақында ғана бірінші голын салды. Жалпы, қазақстандық футболшы "Адана Демирспор" сапында 8 ойынға қатысқан. Айымбетов пен клубтың келісімі келесі жылы бітеді. Аданалық ұжым Суперлигада 44 ұпаймен 11-сатыға жайғасқан.