Жарнама
Жарнама

Абат Айымбетов: «Біз қазан айында Беларуссиядан кеткен есемізді қайтарғымыз келеді»

08.09.2020, 14:51
Кешегі матчта Абат ұлттық құрамадағы дебюттік голын соқты
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Ұлттар лигасының Беларуссиямен болған матчы (1:2) туралы пікір білдірді.

- Абат, ұлттық құрамадағы дебюттік голыңыз құтты болсын! Матч туралы қандай пікір қалдыра аласыз?

- Рақмет! Бірақ мен бүгін ұлттық құрама жеңіске жеткенін қалар едім. Жақсы нәтижеге қол жеткізуге жақын едік, бірақ сәттілік жетіспеді.

- Қазан айында біз тағы да Беларуссиямен ойнауымыз керек.

- Мен кеткен есемізді қайтарғым келеді. Менің ойымша, кездесу бұдан да табанды болады. Алда Албанияға қарсы матч бар - өте байсалды команда.

- Бұл топта біздің команда қандай жағдайға сенім арта алады?

- Сіз өзіңізге сеніп, алаңда барыңызды салып ойнауыңыз керек. Сонда оң нәтиже болады.

- Алда Еуропа лигасы мен чеммионат матчтары бар. Сіз қысқа мерзімде қалыпқа келіп үлгересіз бе?

- Біздің барлық турнирлердегі мақсаттарымыз жоғары, сондықтан біз алаңда жұмыс істейміз және күресеміз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жанкүйерлерге ұлттық құрамаға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді. Бұл біз үшін өте қажет. Тағы да рахмет!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров