Жарнама
Жарнама

Абат Айымбетов: «Бұйырса жанкүйердерді одан әрі қуантамыз деп ойлаймын»

04.06.2022, 18:15
Абат кеше ұлттық құрамада алғаш рет дубль жасады.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Әзербайжанмен болған матчтағы (2:0) соққан голдары жайлы ойымен бөлісті:

- Бастамасы жаман емес. Алда тағы да қиын матчтар күтіп тұр. Сондықтан босаңсуға болмайды.

- Бірінші гол жайлы айтып берсең.

- Доп қарсыластың аяғына тиіп кетті. Чемпионатта да гол соқпағаныма біраз уақыт болған еді. Сондықтан аздап уайымдадым. Оқу-жаттығу жиынынан кейін жарақат алып, бір айға қатардан шығып қалдым. Бірақ Құдайдың қалауымен осылай гол соғатыныма сендім.

- Екінші гол соғылған сәтте қуанбай, төрешінің шешімін күттің. Шамасы офсайд болды деп ойладың-ау...

- Ішімнен солай ойладым. Бір аяғым офсайдта қалғандай болды. Аздап күмәндандым. Бірақ қайталаудан кейін голды есептеді. Бұл үшін өте қуаныштымын.

- Ұлттық құрамада соңғы рет хет-трикті Дәуренбек Тәжімбетов жасаған екен. Түбі сен осы рекордты жаңартасың ау.

- Алда талай ойындар бар. Бұйырса жанкүйердерді одан әрі қуантамыз деп ойлаймын. Өзімнің де жеке нәтижелерімді жақсартуға тырысамын.

- Ойын соңында жарақат адып қалмадың ба?

- Жоқ. Ойын практикасы аз болғандықтан, жүктемеге төтеп бере алмадым. Аяғым аздап тартылып қалды. Иығымдағы жарақаттан толық айықтым. Қазір еш жерім ауырмайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров