Жарнама
Жарнама

Абат Айымбетов Ирак чемпионатында

07.10.2025, 09:54

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Ирак біріншілігіне баруы ықтимал.

Абат Айымбетов "Адана Демирспор" сапында
Жарнама
Жарнама

Осыған дейін футболшыны Иранға, «Персеполис» ұжымының жейдесін киюге жақын деген ақпараттар шыққан. Бірақ олар сыбыс күйінде қалды. Әйтсе де шабуылшы әлі күнге клубсыз. Айымбетов соңғы рет мамыр айында алаңға шыққан. Абаттың болашашағы туралы футболшының өкілі Траян Гергишан мәлімдеме жасаған еді.

«Абаттың жағдайы ерекше. Қазір бірнеше ұсыныс бар, бәрін мұқият қарастырып жатырмыз. Ең тиімді шешім қабылдағымыз келеді. Иә, біз жақында Түркия, Румыния, Иран және Парсы шығанағы елдерінің клубтарымен келіссөз жүргіздік. Оның отбасы немесе жеке өміріне қатысты қиындықтар жоқ. Қазір бәрі жақсы. Бізге тек нақты шешім қабылдау қалды. Абат бабында және жаттығуын жалғастырып жатыр», – деді Т. Гергишан.

А. Айымбетов соңғы рет 2025 жылдың мамырында «Адана Демирспор» клубы сапында алаңға шыққан болатын. Түркия Суперлигасында 37 кездесуде ол 6 голдың авторы атанды. Transfermarkt порталы қазір футболшының құнын 450 мың еуро деп бағалауда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров