Жарнама
Жарнама

Абат Айымбетов «Крылья Советов» клубынан кетті

22.01.2022, 21:10
Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.
Жарнама
Жарнама

«Крылья Советов» Қазақстан ұлттық құрамасының 26 ​​жастағы шабуылшысы Абат Айымбетовтың кеткенін хабарлады.

Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Абат 2021 жылдың ақпан айында «Крылья Советовке» ауысқан еді, бірақ ресейлік клубтың жейдесінде ресми матчтарға қатысқан жоқ.

Сәуір айында Айымбетов «Астанаға» жалдау шарты бойынша ауысты. Елордалық клуб сапында 23 кездесу өткізіп, 9 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Абат Айымбетов Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Астана» командасына қосылып, толыққанды келісім-шартқа отыруы ықтимал.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров