Жарнама
Жарнама

Абат Айымбетов: «КуПС? Біз өз күшімізге сенімдіміз және тек жеңіске ұмтыламыз»

10.08.2021, 00:23
Қарымта матч 12 тамыз күні «Астана Аренада» өтеді.
Жарнама
Жарнама

«Астана» шабуылшысы Абат Айымбетов Қазақстан Кубогінің бесінші турындағы «Қайсарға» қарсы өткен ойын (1:0) туралы пікір білдірді және Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі финляндиялық КуПС командасымен болатын жауапты ойын жайлы пікірімен бөлісті:

- Құдайдың қалауымен біз «Қайсарды» жеңе алдық. Бұл біз үшін өте маңызды ойын болды, себебі біздің міндет - топтан шығу. Топтық кезеңнің соңғы ойыны алда, біз ол матчта да жеңгіміз келеді.

Біздің Финляндияға жасаған сапарымыз ауыр болды, онда біз өте жақсы қарсыласпен ойнадық. Жауапты ойынға көтеріңкі көңіл-күймен дайындаламыз. Біз жақсы және сапалы ойын көрсетеміз деп сенемін. Өз алаңымызда ойнау керемет болайын деп тұр. Өкінішке орай, матч көрерменсіз өтеді. Дегенмен, басымдық бізде болады деп ойлаймын. Біз өз күшімізге сенімдіміз және тек жеңіске ұмтыламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров