Жарнама
Жарнама

Абат Айымбетов мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін

12.09.2022, 22:34
Шабуылшыға әзербайжандық клуб қызығып отыр.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының 27 жастағы шабуылшысы Абат Айымбетов маусым соңында «Астанадан» кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sportal.az.

Дереккөздің айтуынша, Айымбетов «Астанамен» маусымның соңында аяқталатын келісім-шартын ұзартудан бас тартқан.

Ойыншының мансабын шетелде жалғастырғысы келеді. Ол Әзербайжанның вице-чемпионы «Нефтчидің» назарына ілікті. Дегенмен, бұл қазақстандық шабуылшыға қызығушылық танытқан жалғыз команда емес.

Айымбетов биыл «Астана» сапында 16 матч өткізіп, 3 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Маусым айында Абат Қазақстан құрамасы үшін УЕФА Ұлттар лигасында 4 ойынға қатысып, 3 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров