«Астананың» шабуылшысы Абат Айымбетов УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Ракувақа» қарсы өтетін қарымта ойын жайлы пікір білдірді:
– Біз 5:0 есебімен ұтылуға лайық емеспіз. Ертең осыны дәлелдеуге барымызды саламыз. Мүмкін емес ештеңе жоқ, бәрі де жаратқанның еншісінде. Құдай қаласа, үлкен есеппен жеңіске жетуіміз мүмкін.
– Ертең 90 минут алаңда болуға дайынсыз ба? Ешқандай жарақатыңыз жоқ қой?
– Мен алаңға шығуға дайынмын. Бабымдамын деп те айта аламын. Бәрі ойын барысында анықталады.
– Бас бапкердің сөзінше, ең бастысы тартысты ойын көрсету, ал сіз болсаңыз жеңіске сенемін дейсіз?
– Біз жеңіске жетеміз деген сенімдеміз. Неге сенбеске? Футболда бәрі де мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET