Өткен маусымда Суперлигада ойнаған команда маусым аяқталуға 17-тур қалғанда турнирден шығып қалды.
21-тур қорытындысы бойынша Адана қаласының командасы -28 ұпайға дейін көрсеткішін төмендетіп жіберген. Түркия ұжымы Екінші дивизон басталғалы тек 2 ғана ұпай жинаған. Қалған ойындарда Демирспор жеңілістің кермек дәмін татты.
Естеріңізде болса, Айымбетов 2024 жылдың басында “Адана” командасына “Астанадан” ауысып барды. Онда 30 жастағы шабуылшы 37 матч өткізіп, 6 гол соқты. Алайда 2025 жылдың жаз айында Абат Түркиядан кетіп, ойын тәжірибесіз қалды.
Қазіргі таңда Адана қаласының ұжымында тек жергілікті ойыншылар ғана өнер көрсетуде. Қалған легионерлердің барлығы команда тоқырауы барысында жан-жаққа таратылып жіберілді.
Біздің серіктес: FONBET