Жарнама
Жарнама

Абат Айымбетов «Қайрат» жанкүйерлерімен қоштасты

14.02.2021, 03:49
Абат алдағы күндері «Крылья Советов» клубына ауысады.
Жарнама
Жарнама

"Крылья Советов" клубына ауысқалы жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов "Қайрат" жанкүйерлерімен қоштасты.

"Құрметті достар! Менің футбол мансабымда жаңа кезеңге аяқ басатын, жаңа сынақтан өтетін кез келді. Мен Қайрат Советайұлы Боранбаевқа, Алексей Николайұлы Шпилевскийге, жаттықтырушылар құрамына және қызметкерлерге, базаның жұмысшыларына, командаластарыма, "Қайраттың" жанкүйерлеріне алғыс айтамын. Бұл тамаша уақыт болды - біз чемпион атандық. Алға жылжитын уақыт келді. Барлығына денсаулық және сәттілік тілеймін!" - деді футболшы өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Абат Айымбетов "Қайрат" сапына 2020 жылы қосылған болатын. Премьер-лигада 20 матч өткізіп, 10 гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды. Және Қазақстан құрамасы үшін 6 ойынға қатысып, екі гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров