Жарнама
Жарнама

Абат Айымбетов тағы бір кездесуді голсыз аяқтады

15.04.2025, 10:42

Қазақстан құрамасы мен «Адана Демирспор» клубының шабуылшысы Абат Айымбетов «Эюпспорге» қарсы кездесуде өнер көрсетті.

Абат Айымбетов "Адана Демирспор" сапында
Жарнама
Жарнама

29-жасар футболшы 31-тур ойынында қосалқы құрамда қалып, алаңға үзілістен кейін шыққан болатын. Стамбулда болған кездесудің өзі «Эюпспордің» жеңісімен аяқталды – 6:0.

Жалпы, Абат Айымбетов биылғы маусымда «Адана Демирспор» жейдесінде 23 ойында өнер көрсетіп, 4 гол салды. Футболшы мен түркиялық команданың келісімшарты биылғы жылдың 30-маусымына дейін жарамды. Аданалық клуб қазір Түркия Суперлигасында соңғы 19-орынға жайғасқан.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров