Жарнама
Жарнама

Абат Айымбетов түркиялық клубтардың назарына ілікті

24.12.2020, 16:18
Абат биыл 10 гол соғып, сұрмергендер тізімінде екінші орынға жайғасқан еді.
Жарнама
Жарнама

"Қайрат" пен Қазақстан ұлттық құрамасының 25 жастағы шабуылшысы Абат Айымбетов Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Ресми емес ақпарат көздерінен белгілі болғандай, Абат Айымбетов бірнеше түркиялық клубтардың нащарына іліккен, бірақ есімдері белгісіз.

Мүмкін бұл Түркияның бірінші дивизионының клубтары шығар, онда қазақстандық футболшылар легионер болып саналмайды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл "Қайрат" соңғы 16 жылдағы алғашқы чемпиондығына қол жеткізген еді. Ал Абат Айымбетов 10 гол соғып, үздік сұрмергендер тізімінде екінші орынға ие болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров