Жарнама
Жарнама

Абат Айымбетовтің агенті: біз Румыния, Франция, Бельгия, Испания клубтарымен сөйлестік

01.04.2025, 18:55

Қазақстан құрамасы мен «Адана Демирспор» шабуылшысы Абат Айымбетовтің клуб ауыстыруы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Абат Айымбетов
Жарнама
Жарнама

Жуырда футболшының агенті Траян Гергишан осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

«Абаттың Түркияда келісімшарты бар, сол үшін жазға дейін ешқандай нұсқа қарастырмаймыз. Ал «Адана Демирспордан» кеткенінің өзінде футболшы басқа варианттарды қарастыруға ниетті. Абат ҚПЛ-ге қайтпайды. Шабуылшы өзінің мансабында әлі де биіктерді бағындырсам деген ойда», - делінген Т. Гергишанның жазбасында.

Шабуылшыны Түркия чемпионатына орналастыруға атсалысқан румындық агент осыған дейін де Айымбетовтің мансабы мен түрлі клубтардың қызығушылығы жайлы айтқан.   

«Соңғы екі-үш айда көптеген келіссөздер болды. Біз Румыния, Франция, Бельгия, Испания және Түркия клубтарымен сөйлестік. Егер «Стяуа» командасының итальяндық шабуылшысы Андрея Компаньо кеткен жағдайда, Абат румын клубына ауыса алар еді, бірақ итальяндық кетпеді. Француздық «Мец» клубымен келіссөздер болды, бірақ «Адана Демирспор» жылдам қимылдап, нақты ұсынды жасады», - деді футбол агенті.

Айта кетейік, Абат Айымбетов «Адана Демирспор» жейдесіндегі барлық турнирлердегі 30 ойында 5 гол соқты. Футболшы мен түркиялық команданың келісімшарты биылғы жылдың 30-маусымына дейін жарамды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров