Жарнама
Жарнама

Абат Айымбетовтің жаңа клубында алатын жалақы мөлшері белгілі болды

10.02.2021, 02:57
Егер клуб РПЛ-ге жолдама алса, футболшылар ақшаның астында қалады.
Жарнама
Жарнама

Қазір еркін агент мәртебесін алған шабуылшы Абат Айымбетов "Крылья Советов" клубында қаралымнан өтіп жатыр. Meta-ratings.kz ресейлік клубтың қазақстандық футболшыға ұсынған келісімшарттың мән-жайынан хабардар болды.

Егер Айымбетов самаралық клубтың ойыншысы болуға келіссе, оған келісімшартқа қол қойғаны үшін 8 миллион рубль көлемінде бонус беріледі. Келісімшарт 2023 жылдың жазына дейін есептелетін болады. Оған сәйкес шабуылшы айына 500 мың рубль жалақы алады, бонустары тағы бар. Егер "Крылья Советов" осы маусымының соңында РПЛге жолдама алса, онда қазақстандық футболшы тағы 8 миллион рубль алады.

26 турдан кейін "Крылья Советов" ФНЛ-де екінші орында тұр. Турнирдің аяқталуына 16 тур қалды. Егер барлығы ойдағыдай болса, футболшы 2020/21 маусымының соңына дейін 20 миллион рубль (110 миллионнан астам теңге) пайда табады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров