"Адана Демирспор" мен Қазақстан Ұлттық құрама командасының шабуылшысы Абат Айымбетов бүгін "Кайсериспормен" болатын матчқа қатыспайды.
Форвардтың кішігірім жарақат алды деген ақпарат бар. Алайда, Айымбетов келесі ойынға дейін жарақатынан толық айығады делінген. Түрік Суперлигасының 32-турында енді Адана қаласының басты футбол клубы Қазақстандық шабуылшыға үміт арта алмайды.Айта кетейік, Айымбетов жаңа командасына осы жылдың ақпанында ауысты. Сол аралықтан бері 6 ойынға қатысқан. Әзірге Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Түрік біріншілігінде көзге түсе алмай келеді. "Адана Демирспор" 31 турдан кейін 11-сатыға жайғасқан. Команда қоржынында 39 ұпай.
Біздің серіктес: FONBET