«Тұран» командасының бас бапкері Абдухалық Бөрібаев Қазақстан чемпионатының 13-турында «Ақтөбеге» қарсы өткен кездесу (0:2) жайлы өз пікірін білдірді:
- Бұл жауапты кездесуге үлкен ынта-жігерімізбен дайындалдық. Футболшыларымыз өте жақсы жұмыс істеді. Керемет мүмкіндіктерді пайдаланып, голдар салып, барлықтарымызды қуантты. Сөз реті келгенде айта өтерім, командамызға қолдау көрсетіп жатқан жанкүйерлерімізге үлкен рахмет. Бұл жеңіске деген біздің сенімділігімізді арттырады. Жалпы алғанда, футбол деген - бұл мереке ғой. Мəселен, Ақтөбенің жергілікті жанкүйерлері де біздің көңілімізден шықты. Біздің команданың жеңіске жеткеніне қарамастан, тамаша көңіл-күймен шығарып салды. Талабы мен сенімдері мықты түркістандық жанкүйерлерімізді өз жеңістерімізбен қуанта береміз дегім келеді.
Біздің серіктес: FONBET