Жарнама
Жарнама

Абдухалық Бөрібаев: «Жаңадан келген ойыншылар командаға серпін береді деген ойдамын»

03.09.2021, 01:32
Түркістандық ұжым жазғы трансферлік терезеде алты ойыншымен толықты.
Жарнама
Жарнама

«Тұран» командасының бас бапкері Абдухалық Бөрібаев жаңадан келген ойыншылар туралы пікір білдірді:

- Біраз уақыттан бері футболдан ел біріншілігінде үзіліс орын алды. Біраз футболшылар жарақат алғандарын білеміз. Қазір олардың жағдайлары қалай? 

- Иə, үзіліс басталған соң футболшыларымыз жақсы демалып келді. Дұрыс айтасыз бұған дейінгі футбол матчтарында біраз ойыншыларымыз өкінішке қарай жарақат алған болатын. Бірақ, бірқатары жазылды. Футболшыларымыз бүгінде толыққанды жаттығуларын жасауда.

- Жуырда командаға қандай жаңадан ойыншылар қосылды?

- Жақында Солтүстік Македонияның ойыншысы Самир Фазли деген шабуылшы командаға қосылды. Ол командаға жаңаша серпін береді деген ойдамыз. Шəкірттеріміздің жеңіске жетуіне қырғызстандық танымал футболшы Тамирлан Қозыбаев та көмектесетін болады. Жуырда Тамирлан, Фархад екеуі Қырғызстанның жолдастық кездесуіне кетті. Мұнан соң тағы жаңалығымыз, «Қайрат» футбол командасының түлегі Павел Кривенцев те командамызға шақырту алды. Ол бұған дейін «Шахтер» командасында тəжірибесін арттырған болатын. Осылайша, тұрандықтар жаңа ойыншылармен толығып, жауапты кездесулерге тас түйін болып дайындық жасаудамыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров