Жарнама
Жарнама

Абдухалық Бөрібаев: «Жігіттер жарақатына қарамастан матч соңына дейін ойнауға тырысты»

24.06.2021, 21:37
Түркістандық клуб кеше қолда тұрған жеңістен айырылып қалды.
Жарнама
Жарнама

«Тұран» футбол клубының бас бапкері Абдухалық Бөрібаев «Тараз» командасымен өткен ойын (1:1) жайында өз пікірін білдірді:

- Бүгінгі «Таразға» қарсы ойын өте тартысты өтті. Таңат Нөсербаев жарақатына қарамастан керемет гол салуға мүмкіндік жасады. Таңат команданың намысы үшін тырысып жатқан жігіттердің бірі. Шəкірттерімнің ойын деңгейлері жақсы. Әрине алғашқы кездесу мен бұл матчтың айырмашылығы бар. Соңғы кездері техникасы өте мықты ойыншыларымыз жақсы ойын өрнегін көрсетуде. 

Қарсыласымыз «Тараз» командасы негізінен өте тəжірибесі мол команда. Сол себепті жылдам ойнайтын ойыншыларды алаңға шығарған болатынмын. Біздің ойыншыларымызда алаңда қарсыластың тактикасына қарай дұрыс жұмыс істеді. Қазіргі біздің негізгі мәселеміз де футболшыларымыздың жарақаты.

Бұл матчта қосалқы құрамадағы жас ойыншыларымыз бұл додаға шыққанымен ойынға айтарлықтай өзгеріс енгізе алмады. Қорғаныста болмай, шабылдау қажет екендігін ойын алдында шəкірттеріме айтылған болатын. Дегенмен де, гол соғылған соң футболшыларымыз қорғаныста көбірек ойнап, шабуылымыз ақсап қалды. Бұған басты себеп тағы да жарақат. Үзіліс кезінде жігіттерден сұрағанымда жарақат негізгі себеп болып тұрғандығын айтты. Десе де ойыншылар өздері жарақатына қарамастан ойнауға ынталарын білдірген соң, кездесудің соңына дейін шыдап ойнауды өтіндік. 

Бұл кездесуде шəкірттерім бір гол салды. Қарсыластар қарымта голды да соғып кетті. Жаңадан ойынға қосылған футболшылардың 70-80 пайызы негізінен гол сала алады. Бұл статистикалық тұрғыда дəлелденген. «Тараз» командасының қосалқы құрамынан шыққан Жақып Қожамберді гол соғып кетті. Бұл матчтың қорытындысы 1:1 есеппен тең аяқталды. Жақында қаралымда жүрген біраз жігіттер құрамға қосылатын болады. Мұндай тең ойындарды негізінен, қазақстандық көптеген командалардың орындауында жиі байқаймыз. Бір гол соққан соң футболшылар қорғанысқа жатып алады. Бұл тактика дұрыс емес. Осы мəселені мен ұдайы шəкірттеріме айтып отырамын. Алдағы кезде жанкүйерлерімізге талай жеңіс голын сыйлайтын боламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров