Жарнама
Жарнама

Абдукодир Хусанов Дастан Сатпаевпен бір клубта ойнауы мүмкін

Бүгін, 11:50

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов «Манчестер Ситиден» кетіп, Лондонның «Челси» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Егер трансфер жүзеге асса, ол Дастан Сатпаевпен бір командада өнер көрсетеді.

Мәліметін бойынша, «Челси» Хусановтың кандидатурасын қарастырып жатыр және клуб басшылығы алдағы қысқы трансфер кезеңіне дайындық жұмыстарын бастап кеткен. Лондондық команда орталық алаңды күшейту үшін Алекс Скотт пен Адам Уортонды да бақылауда ұстап отыр. Хусанов бойынша әзірге нақты келіссөз немесе трансфер туралы ресми ақпарат жоқ. 

22 жастағы Хусанов «Манчестер Ситиге» 2025 жылдың қаңтарында Француздық «Ланстан» ауысқан. Қорғаушының Ағылшын клубымен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Ол Англия Премьер лигасында өнер көрсеткен алғашқы Өзбек футболшысы. 

Ал Дастан Сатпаев биыл жазда «Челсиге» қосылды. Қазақстандық шабуылшы Лондондық клубпен келісімшартқа қол қойғанымен, «Қайрат» сапында 18 жасқа толғанға дейін өнер көрсетті. 

Осылайша, Хусановтың «Челсиге» ауысуы жүзеге асқан жағдайда, Англия Премьер лигасында Қазақстан мен Өзбекстанның жас футболшылары бір клубтың намысын қорғауы мүмкін. Алайда қазіргі таңда бұл тек трансферлік жоспар деңгейіндегі ақпарат екенін атап өткен жөн.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров