Абдуллай Диакате - «Каспий» ойыншысы

08.02.2023, 23:28


"Каспий" ФК сенегалдық жартылай қорғаушы Абдуллай Диакатемен 2023 жылдың аяғына дейін келісімшартқа отырды. 

Жартылай қорғаушы ҚПЛ аясында барлығы 300 ойын өткізіп, 39 гол салған болатын.

Диакате соңғы рет "Тұран" ұжымында өнер көрсетті. Онда ол өткен маусым қорытындысы бойынша 8 матч өкерді.

Абдуллай "Тұраннан" бөлек, өз мансабында "Карталспор", "Ризеспор", "Тараз", "Ордабасы", "Атырау", командаларында доп тепкен болатын.

Трансфермаркет футболшыны 225 мың еуроға бағалауда.