Жарнама
Жарнама

Абдуллай Диакате ҚПЛ-да ең көп матч өткізген африкалық ойыншы атанды

03.05.2022, 23:53
Сенегалдық футболшы кеше мерейтойлы ойынын өткізді.
Жарнама
Жарнама

«Тұранның» 34 жастағы жартылай қорғаушысы Абдуллай Диакате Қазақстан Премьер-лигасында 300 матч өткізді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Сенегалдық футболшы Қазақстан Премьер-лигасында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

«Тараз» сапында үш маусымда 83 кездесу өткізіп, 11 гол соққан. 2015 жылы «Атырау» сапында ойнап, 24 кездесуде, 2 мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты. 2014-2021 жылдар аралығында «Ордабасы» намысын қорғады (185 матч, 25 гол).

«Тұран» сапында бүгінге дейін 8 ойынға қатысып, 1 гол соқты.

Диакате Премьер-лигада бас-аяғы 300 матч өткізіп, 39 голдың авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров