24 жастағы Қазақстандық футболшы Абылайхан Жұмабек "Ордабасы" клубынан кетеді деп хабарлайды, Aladop.kz.
Клуб бас бапкері Андрей Мартин жас ойыншыға тұрақты түрде мүмкіндік бермей келеді, яғни оған сенім артпайды.
Футболшының жаңа маусымды қай клубта бастайтыны әзірге белгісіз, алайда ол Ақтаудың "Каспий” клубына ауысуы ықтимал. Бұл таңдаудың өзіндік себебі де бар — командада оның туған ағасы іспетті ойыншы, тәжірибелі жартылай қорғаушы Бауыржан Байтана өнер көрсетіп жүр.
33 жастағы Байтана — Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы, тәжірибесі мол. Егер Абылайхан мен Бауыржан бір клубта бас қосса, дуэттің тиімді ойын өрнегін көру әбден мүмкін: ағасы – пас береді, інісі – гол соғады.
Сонымен қатар, Абылайханның туған жері мен тамыры да батыс аймақпен байланысты, оның нағашылары адай руынан шыққан. Бұл да Ақтауға көшу шешімін жеңілдетуі ықтимал.
Біздің серіктес: FONBET