Жарнама
Жарнама

Абзал Бейсебековке грекиялық клубтан ұсыныс түсті

26.12.2021, 01:20
Футболшыға қостанайлық «Тобыл» да қызығушылық танытуда.
Жарнама
Жарнама

«Астана» клубының капитаны Абзал Бейсебеков YouTube-тағы Nursultan Qurman арнасына берген сұхбатында шетелден түскен ұсыныс жайлы, сондай-ақ ҚПЛ клубтарының қызығушылығы туралы айтты.

- Шетелден ұсыныс жиі түсе бермейді. Бірақ осы жазда Грекияның «Олимпиакос» клубынан шақырту алдым. Менің агентіме тез арада оң қапталда ойнайтын қорғаушы керек деген ұсыныс түскен екен. Ол кісі маған келісім-шарт мерзімін (бір жарым жыл), жалақысын айтып, «келісесің бе?» деп сұрады. Мен ойланбай өз келісімімді бердім. Сол кезде «Олимпиакостың» басшылығы мен бапкерлер штабы менің ойынымды бақылаған екен. Бірақ мен ол кезде оң қапталда емес, жартылай қорғаушы ретінде ойнап жүрдім. Сондықтан олар менен бас тартты. Өкінішті-ақ.

Олардың ұсынған келісім-шартындағы жалақы (айына) мөлшері 25 мыңды (доллар) құрады.

Естуім бойынша, «Тобыл» мені өз қатарына қосқысы келген. Өйткені олар Чемпиондар лигасына дайындалып жатыр. Тек осы турнирде ойнау үшін ол командаға ауыса алатынымды айттым. Бірақ жарақаттар кері әсер етті.

Жарақатымнан айығу үшін тағы бір ай қажет болады. Сондықтан қаңтардағы ОЖЖ-да жеке өзім дайындалатын боламын.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров