Қазақстан футбол федерациясында кадрлық өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Серый CARDINAL телегам арнасының хабарлауынша, Жарыстардың қауіпсіздігі мен адалдығын (integrity) бақылау қызметінің жетекшісі Асхат Мэлс өз лауазымынан босатылды.
Сәтсіз аяқталған тергеулер мен "Тұран" – "Қызылжарэ дауы
Асхат Мэлстің есімі футбол жанкүйерлеріне өткен жылы кеңінен танылды. Ол "Тұран” мен "Қызылжар" командалары арасындағы күмәнді кездесуге қатысты даулы істі зерттеген болатын. Алайда, қоғамда үлкен резонанс тудырғанымен, бұл тергеу нақты нәтиже берген жоқ. Көптеген сарапшылардың пікірінше, іс аяқсыз қалып, кінәлілер тиісті жазасын алмады.
ҚФФ-дағы қызметі мен атқарған рөлі
Асхат Мэлс федерациядағы ең жауапты бағыттардың біріне жетекшілік етті. Оның негізгі міндеттеріне мыналар кірді:
– Жемқорлықпен және келісілген матчтармен күрес: Отандық футболдағы күмәнді ойындар мен заңсыз әрекеттерге қатысты ішкі тексерулер жүргізу
– Құқық қорғау органдарымен байланыс: Тексеру барысында анықталған материалдарды құқықтық баға беру үшін тиісті органдарға жолдау
– Ашықтықты қамтамасыз ету: Спорт саласындағы "Заң мен тәртіп” және "Әділ қоғам” қағидаттарын сақтау, тергеу барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасау.
Асхат Мэлстің қызметтен кетуі ҚФФ ішіндегі тазалық пен әділдікті қамтамасыз ету саясатының қайта қаралып жатқанын аңғартуы мүмкін. Оның орнына келетін маманның алдында футболдағы бармақ басты, көз қысты әрекеттерді жою сынды күрделі міндеттер тұр.
Біздің серіктес: FONBET