Жарнама
Жарнама

Адама Траоре «Барселона» ойыншысы атанды

30.01.2022, 16:26
Каталониялық клуб футболшыны жалға алды.
Жарнама
Жарнама

«Вулверхэмптон» шабуылшысы Адама Траоре каталониялық «Барселонаға» ауысты.

Бұған дейін футболшының медициналық тексерістен өткені белгілі болған еді. Каталондық клуб ойыншыны жалға алғандықтан, маусым соңына дейін жалақысын толығымен төлейді. Келісім-шартта 26 жастағы ойыншыны 30 миллион еуроға сатып алудың міндетті емес нұсқасы қарастырылған.

Траоре «Барселонаның» түлегі болып табылады. Шабуылшы 2004 жылдан 2015 жылға каталондық клубтың құрамында болғанымен, негізгі команда сапында төрт қана матч өткізіп, бір гол соқты.

Испаниялық шабуылшы 2018 жылы «Мидлсбродан» «Вулверхэмптон» клубына ауысты. Ойыншының клубпен келісім-шарты 2023 жылдың маусымына дейін есептелген еді. Адама Премьер-лиганың осы маусымда 20 матч өткізіп, небәрі бір гол соқты.

Траоре - соңғы 3,5 жылда Ағылшын Премьер-лигасындағы ең көп дриблинг жасаған ойыншы. Футболшы 2018 жылдың жазынан бері қарсыластарын алдап өту үшін 697 рет дриблинг жасаған, ал оның 484-і (69%) сәтті болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров