Жарнама
Жарнама

Адама Траоре - бүкіл Еуропа көз тіккен ойыншы

14.07.2020, 21:10
Тіпті, «Барселонаның» өзі талантты ойыншысын жіберіп алғаны үшін өкініп, оны қайтаруға тырысуда.
Жарнама
Жарнама

«Вулверхэмптон» шабуылшысы Адама Траоре мансабындағы ең керемет маусымды өткізуде, ал оның клубы Еурокубоктағы орын үшін күресуде. Бұл маусымда испандық футболшы АПЛ-де әсерлі статистика көрсетіп жатыр. Ол 33 матчта төрт гол соқты, оның үшеуін "Манчестер Сити" қақпасына тоғытты, және 9 нәтижелі паспен көзге түсті.

Жылдың басында "Уотфордқа" қарсы матчта (2:1) Адама 15 рет қарсыластарын сәтті алдап өтті және 2006/07 маусымнан бері ешкім жасай алмағанды жасап, рекорд орнатты.

Наурыз айының соңында ағылшындық The Guardian басылымы испандық футболшыны премьер-лиганың коронавирустың кесірінен тоқтағанға дейінгі аралықтағы үздік жас ойыншы деп атады, ал американдық The Score басылымы - лиганың ең прогрессивті ойыншысы деп таныды.

Траоре бірден Еуропаның жетекші клубтарының назарын аударды. «Вулверхэмптон» шабуылшысына тіпті «Барселона» да қызығушылық танытып жатыр, Адама негізі "Барселонаның" түлегі болып табылады. Германияның беделді Transfermarkt порталы ойыншыны 25,5 миллион еуроға бағалайды, ал оның «қасқырлармен» келісімшарты 2023 жылға дейін жарамды. Бірақ ол осы жаздың өзінде-ақ "Вулверхэмптоннан" кетіп, Еуропаның мықты командасына қосыла алады.

Траорені қандай клубтармен байланыстыруда?

"Барселона" (Испания)

Британдық Daily Mail газетінің хабарлауынша, қыста каталондықтар өз шәкіртіне қызығушылық танытып, оның «Реалға» ауысуынан біраз қорыққан екен. Тіпті футболшының өзі «Барселонадан» ұсыныс түспесе, «Реал Мадридке» баруға дайын екенін айтты.

Траоре әлі күнге дейін Каталониялық клубқа өзін көрсетуге мүмкіндік бермегені үшін ренжіп жүр. «Барселонада жүрген кезде менде қиындықтар болды, бірақ мен оны айтпауды ​​жөн көрдім. Маған шешім қабылдауға және кетуге тура келді», - деді испандық Diario Sport-қа берген сұхбатында.


«Барселона Б» жаттықтырушысы Жорди Виньялс Адаманың Каталондық клубта неге ешқашан ойнамағанын түсіндірді. «Ол сол кезде физикалық тұрғыдан мықты болмаса да, Адаманың дене бітімі екінші дивизиондағы барлық ойыншылардан жақсы болды. Ол ең жылдам және мықты ойыншы болды. Бірақ оның мәселесі оның тактикалық тұрғыдан мықты еместігінде болды. Оны көптеген қарсыластары қалай тоқтатуға болатынын білді», - деді жаттықтырушы Goal-ға берген сұхбатында

Mundo Deportivo спорттық газеті жазда «Барселона» ойыншының кандидатурасына қайта оралып, түпкілікті шешім қабылдайтынын хабарлады. Каталониялық клубқа Усман Дембеленің ойыны ұнамайды және Траоре француз футболшысын алмастыратын ойыншы ретінде қарастырылуда.

"Ливерпуль" (Англия)

"Ливерпульдің" қызығушылығы мамыр айында белгілі болды. The Sun басылымының хабарлауынша, Траоре клубтың негізгі трансферлік мақсаты болып табылады, өйткені 24 жастағы испандық футболшы "қызылдардың" бас бапкері Юрген Клопптың жеке қызығушылығын тудырады, ол Адаманың осы маусымдағы ойынынан керемет әсер алды.


"Ливерпульдің" бұрынғы футболшысы Стэн Коллимор Траорены "Ливерпульге" алу идеясын қолдады. Адама Юрген Клопп командасына күш қосады деп санайды.

«Маған Траорены "Ливерпульмен" байланыстырып жатқаны ұнайды. Ол "Астон Вилада" нашар ойнады, бірақ ол кезде Траоре әлі бала еді. Тони Пьюлис "Мидлсброда" оған жаңа өмір сыйлады. Испандық ойыншы «Вулверхэмптонда» жаңа қырынан танылды және «20 минуттық ойыншыдан» жақсы пас пен қорқынышты жылдамдықпен ойнайтын футболшыға айналды. Ол Англия чемпиондарына қосымша күш әкелуі мүмкін», - деді бұрынғы футболшы The Mirror басылымына берген сұхбатында.

Алайда, Траорені "Ливерпульдің" шабуылшы сызығына қалай түсе алатынын елестету қиын, мұнда Мане, Салах және Фирмино тұрақты түрде ойнайды. Испандыққа «Энфилдтен» мықты үш ойыншының бірі кеткенін күтуге тура келеді, бірақ бұлай болуы екіталай.

"Ювентус" (Италия) немесе "Манчестер Сити" (Англия)

ESPN-нің соңғы ақпараттарына сәйкес Туриндік "Ювентус" пен "Манчестер Сити" Траоре үшін күресте фаворит болып саналады. Сонымен бірге, дереккөз испандық ойыншы егер «Вулверхэмптон» Чемпиондар лигасына кірмесе клубты тастап кететінін хабарлайды. Енді олар мұны Премьер-лигада төртінші орын алу арқылы немесе Еуропа Лигасындағы жеңіс арқылы жасай алады, онда Траоренің клубы Грекияның «Олимпиакосына» қарсы 1/8 финалдағы екінші матчты күтуіне тура келеді.

Алайда, Трооренің бағасы «Вулверхэмптонмен» келісімшарт бойынша қалған уақытына байланысты 80 миллион фунт стерлинг болуы мүмкін. "Манчестер Сити" испандықты осы жазда алуға дайын.

24 жастағы футболшыға команданы қайта жасақтайын деп жатқан «Манчестер Сити» тиімді болар еді. Сонымен қатар, Лерой Сане "Баварияға" кеткеннен кейін испан вингері үшін командадағы орын босатылды.

Бірде Траоре өзін "Манчестер Ситидің" шабуылшысы Рахим Стерлингке теңеген болатын: «Мүмкін Заа және Стерлингпен менің ойын стилім ұқсас шығар. Бірақ оларға ұқсайтын мен емес, олар маған ұқсайды», - деді Адама берген сұхбатында.

Премьер-лигагың осы маусымында Траоре мексикалық шабуылшы Рауль Хименеспен керемет байланыс орнатты. Екеуі АПЛ-де 19 гол соғып, 15 голдық пас берді. Көптеген клубтар Мексикалықты да Траоре сияқты мұқият бақылап отыр. Траоре осы жазда клубын өзгертуі керек, әйтпесе 24 жастағы футболшы орта деңгейлі клубта қалу қаупін тудырады. Бірақ "Вулверхэмптонды" ортаңқол команда деп айту өте қиын. Премьер-Лига фавориттерінен кем түспеуде. Сондықтан Адама Траоре дұрыс шешім қабылдайды деп сенеміз.

Қалай ойлайсыздар, Адама "Вулверхэмптонда" қалу керек пе, әлде басқа клубқа кеткені дұрыс па?


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров