Жарнама
Жарнама

Адама Траоре «Вулверхэмптоннан» кетуі мүмкін

17.11.2020, 01:13
Тек португалиялық футболшыларға сенім артқан Эшпириту Санту бұл ойыншыны ұмытып кеткен секілді.
Жарнама
Жарнама

"Вулверхэмптонның" 24 жастағы испаниялық шабуылшысы Адама Траоре клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды The Athletic.

Қазан айында Траоре мен "Вулверхэмптонның" жаңа келісімшарт жайын талқылап жатқаны белгілі болған еді. Адама өткен маусымды жақсы өткізіп, 18 гол соқты және жақсы мәміле күткендей болды. Алайда испаниялықтың клубтағы болашағы бұлыңғыр болып көрінеді. Траоре өзіне бөлінген ойын уақытына көңілі толмайтынын мәлімдеді. Форвард Англия Премьер-лигасында 8 матчтың үшеуінде ғана негізгі құрамнан шықты.

"Адама бұл жаңа келісімшартқа отырғызу стратегиясының бір бөлігі болуы мүмкін деп санайды, бірақ ол мұны қаламайды. Сондықтан, Траоре өзін команда мүшесі емеспін деп санайды. Шынымды айтсам, ол аздап ренжулі", - деп келтірді The Athletic бұл жағдай туралы.

Адама Траоре "Вулверхэмптонға" 2018 жылы "Мидлсбродан" 20 миллион еуроға ауысып келді. Футболшының "Вулверхэмптонмен" қазіргі келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін жарамды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров