Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында «Ақтөбенің» құрамында болған украиналық шабуылшы Адеринсола Хабиб Эсеола команда қосынынан кетті.
«30 жасар орталық шабуылшымен еңбек шартын жасасу кезінде келісімге қол жеткізу мүмкін болмағанын ресми хабарлаймыз», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Ақтөбенің ұсынған жалақысы футболшының көңілінен шықпаған. Сондай-ақ 30 жастағы шабуылшы жолдастық кездесуге қатысудан бас тартқан. Бұл қылығына шыдамаған бапкерлер штабы Эсеоланы керек қылмады.
Біздің серіктес: FONBET