Жарнама
Жарнама

Адиев “Ақтөбеге” келе ме? – Бапкер жауап берді

Бүгін, 14:44

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев "Ақтөбе" футбол клубына тағайындалуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

U-Sport YouTube-арнасына берген сұхбатында маман алдағы жоспарлары мен Қазақстанға оралу мүмкіндігі туралы айтты.

Адиевтің айтуынша, қазіргі уақытта "Ақтөбе” тарапынан нақты ұсыныстар түспеген. Дегенмен, бапкер футбол әлемінде бәрі тез өзгеретінін жасырмады.

"Соңғы уақытта ешқандай ұсыныс түскен жоқ, бірақ бәрі болуы мүмкін. Ертең қай жерден табылатыныңды ешкім тап басып айта алмайды. Сондықтан, егер ұсыныс түсіп жатса — неге келмеске?" — деді бапкер.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров