Адиевтің "Ахматы" РПЛ-дегі үздік көрсеткішке ие

11.05.2024, 12:52

Грозныйдың "Ахмат" командасы Ресей премьер-лигасында қатарынан бесінші рет жеңіске жетті

Магомед Адиев "Крылья Советов" - "Ахмат" кездесуінде

Кеше Магомед Адиев жаттықтыратын грозныйлықтар сырт алаңда "Крылья Советовпен кездесіп, 0:2 есебімен басым түсті. Матчтың бірінші таймында Мохамед Конате(45+1) қонақтарды алға шығарса, 62-ші минутта Бернард Бериша матчтың нүктесін қойды.

Самаралық команда осы маусымда үздік бестіктің қатарына енуді көздейді. "Зенит",  "Краснодар" мен "Динамоға" тегеурінді қарсылық танытты. "Крылья Советов" биыл чемпиондықтан дәмелі команданың ешқайсысына өз алаңында ұтылған жоқ. Алайда, "Ахматтан" айласын асыра алмады. Ал Адиевтің командасы соңғы бес турда максималды ұпай санын жинап, 10-шы орында келеді. Клуб қоржынында 35 ұпай. Турнирлік кестеде бірінші сатыға  Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің "Зениті" жайғасқан.

Айта кетейік, Магомед Мұсаұлы "Ахмат" пен Қазақстан Ұлттық құрама командасын қатар жаттықтырады. Ресейлік маман МИР РПЛ-дің маусымын аяқтап, Қазақстанға қайтып оралатынын мәлімдеген болатын.