Франция құрамасының бұрынғы қорғаушысы Адиль Рами Испания құрамасының жас жұлдызы Ламин Ямалды сынның астына алды. Ол Twitch платформасындағы тікелей эфирде Ямалды қатты сөгіп, оның адамгершілік қасиеттерін сынға алды.
“Мен бұл баланың қылықтарын енді көтере алмаймын. Барса жанкүйерлері, Ламин Ямалды жақсы көретіндер ренжіп қалса да, маған бәрібір. Мен шындықты айтамын.
Футбол жағынан ешқандай мәселе жоқ. Ол – жұлдыз, “Алтын допты” да алады, еурокубоктарды да ұтады. Бірақ адам ретінде?
Кейін оның өзі жайлы айтқан видеосын көріп, мүлдем ұнатпадым, Ол алаңда шортының белін түсіріп біртүрлі қылықтар жасады. Мұндай нәрсе АҚШ пен Мексика түрмелерінен шыққан, бұл түрмеде кім өзін зорласын десе, солай істейді.
Бұл мені мазалайды. Ол той-томалақ жасап жүр, жұрт ол жайлы айтып та жатыр. Ол 10-нөмірді алды да, үстіне алып бриллианттар тағылған әшекейлерді толтырып алды. Өзін Америкалықпын деп ойлайтын сияқты.“
Біздің серіктес: FONBET