Жарнама
Жарнама

Әділбек Жақсыбеков: «Құраманың ойыншылары мен бапкерлері алдағы ойынның жауапкершілігін түсінеді»

10.11.2020, 14:26
ҚФФ президенті ұлттық құраманың соңғы ойындарда жеңіске жететініне сенімді болып отыр.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары және жаттықтырушыларының қатысуымен жиын онлайн-конференция форматында өтті.

Қазақстан құрамасының 11 қарашада Черногориямен өткізетін жолдастық ойыны мен УЕФА Ұлттар Лигасындағы соңғы екі кездесуге дайындық туралы сөз қозғалды. Біздің футболшылар 15 қарашада сырт алаңда Албаниямен ойнап, 18 қарашада өз алаңында Литваны қабылдайды.

ҚФФ басшысы футболшылардың халықаралық шешуші ойындарына бар күш-жігерін салып, жақсы ойын көрсетеді деген үмітін білдірді.

«Черногория құрамасымен жолдастық ойын оңайға соқпайтыны анық. Сонымен қатар, Албания және Литва құрамаларына қарсы тартысты ойын тосып тұр.

Бүгінде оңай қарсылас жоқ, қарсыластарымыздың шеберлігі жоғары. Қазақстан құрамасының ойыншылары мен бапкерлері алдағы ойынның жауапкершілігін түсінеді деп сенемін. 

Пандемия отандық командалардың дайындықтарына өзгерістер енгізді. Соның салдары еуропалық жарыстардың көрсеткіштеріне әсер етіп отыр.

Мұның барлығы Қазақстан құрамасы ойыншыларының физикалық және психологиялық жағдайына кері ықпалын тигізбей қоймады. Қиындықтарға қарамастан Қазақстан құрамасы Литваны сырт алаңда жеңіп, Албаниямен тең ойнады. Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың дайындығына қолайлы жағдай жасап келеді.

Өкінішке қарай, ұлттық құраманың қатарында жарақат алған ойыншылар бар. Бауыржан Исламхан мен Бахтиер Зайнутдиновтің жарақаты алаңдатады. Футболшыларға жарақаттарынан айығып кетуін тілеймін.

Қазақстан құрамасы қиындықтарға қарамастан алдағы ойындарды абыроймен өткізіп, сауатты футбол көрсете алатынына кәміл сенемін.

Футболшыларға сәттілік тілеймін! Біз жеңіске жетеміз!»

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров