Жарнама
Жарнама

Әділбек Жақсыбеков: «Сырт алаңдағы жеңіс - біз үшін керемет нәтиже»

05.09.2020, 14:54
Келесі матч 7 қыркүйекте Алматыда өтеді
Жарнама
Жарнама

Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділбек Жақсыбеков футбол қауымдастығын Литва құрамасын жеңгенімен құттықтады (0:2):

- Мен қымбатты жанкүйерлерімізді осы маңызды жеңісімен құттықтағым келеді, өйткені бұл жеңіс командаға бүкіл турнирде сенімділік пен қосымша күш бере алады. Сырт алаңда жеңіске жету біз үшін керемет нәтиже. Команда ұзақ уақыт бойы ойын тәжірибесінің жоқтығына қарамастан өзінің дұрыс жолда екенін көрсетті. Мұндай сәттерде адамгершілік-ерік қасиеттері мен қайыспайтын мінездің болуы бірінші орынға шығады.

Жігіттер бірқатар ойыншылардың жарақат алғагына қарамастан, жеңіске жетіп, өз елдері үшін күресті. Менің ойымша, қазақстандық футболшылар өз міндеттерін екі жүз пайызға орындады. Бұл жеңіске футбол қауымдастығы - жанкүйерлер, мамандар және БАҚ өкілдері үлкен үлес қосты деп сенемін. Команда Қазақстанда оларға қолдау көрсетілетінін біліп, оң нәтижеге қол жеткізді. Мен Қазақстан құрамасына одан әрі сәттілік, зор денсаулық тілеймін!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров