Африка кубогы жолындағы жарысқа кіріспеген тек жалғыз топ қалды.
25.01.2012, 04:46
Жарнама
Жарнама
Қара құрлықта өтіп жатқан Африка кубогы жолындағы жарысқа кіріспеген тек жалғыз топ қалды. Қатарынан екі елде өткізіліп жатқан байрақты бәсекеге бүгін Гана мен Ботсвана және Мали мен Гвинея араласпақ.
Үлкен футболды аңсаған африкалық жанкүйерлердің қуанышында шек жоқ. Өйткені Кот-д Ивуар, Марокко және Тунис сынды елдің футболшылары еуропаның танымал клубтарында доп теуін жүргендер. Әзірге топтық кезеңнің алғашқы турын жеңіспен аяқтаған Замбия мен Ангола үш ұпай олжалады. Ал чемпионатты қабылдап отырған Габон, алғашқы ойында Нигерия қақпасына жауапсыз екі доп соғып, жанкүйерлеріне керемет той сыйлады. Сондай-ақ тартысты өткен бәсекеде Тунис құрамасы марокколықтарды 2:1 есебімен шаң қаптырып кетті. Бүгін D тобындағы соңғы кездесулер ойналмақ.