Жарнама
Жарнама

Африкалық футболшы алаңда қаза тапты

25.12.2025, 09:34

Бурунди футбол федерациясы "Ле Гепар дью Лаккомандасының жартылай қорғаушысы Игиранеза Эме Гериктің қайтыс болғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Sport News Africa
Жарнама
Жарнама

Трагедия елдің екінші дивизионында "Амаспири Невер Гив Ап” командасына қарсы матч кезінде орын алған. Ойын барысында футболшы кенеттен алаңда құлап түскен. Дәрігерлер дереу алғашқы көмек көрсетуге тырысқан, бірақ барлық талпыныстарға қарамастан, Герик (Igiraneza Aimé Guéric) ауруханаға жеткізілу барысында қайтыс болған. Федерация әзірге өлімнің нақты себептерін жариялаған жоқ.

Дегенмен, жергілікті және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі болжамдар айтылуда. Sports News Africa басылымының хабарлауынша, футболшы ауызында тиын ұстап жүрген және оны абайсызда жұтып қойған. Бұл тыныс алу жолдарында күрделі мәселелер туындатуы мүмкін.

Сонымен қатар, African Public Radio басқа мәліметті алға тартты. Олардың деректеріне сәйкес, Герик ауызында жай ғана тиын емес, Африкада кең таралған сиқыршылық пен ырым-жырым рәсімдерінде қолданылатын грис-грис тұмарын алып жүрген. Дәл осы тұмарды байқаусызда жұту қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін деп болжануда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров