Беларусь біріншілігінен Қазақстанға қайта оралған Камерундық жартылай қорғаушы Артур Бугнон өз таңдауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Футболшының айтуынша, Беларусьтегі кезең ол үшін үлкен тәжірибе болған. Алайда келісімшарт мерзімі аяқталған соң, ол Қазақстаннан түскен ұсынысты бірден қабылдаған.
"Беларусь лигасының бәсекелестігі жоғары болғанымен, Қазақстан футболының деңгейі әлдеқайда биік әрі қарқынды. Менің "Ұлытауды” таңдауыма клуб ұсынған жобаның болашағы зор екені басты себеп болды." — деді Артур Бугнон Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.
25 жастағы Камерун өкілі бұған дейін, 2024 жылы Қарағандылық "Шахтер” сапында өнер көрсеткен болатын. Одан кейін Беларусьтік "Слуцк" клубына ауысып, 2025 жылғы маусымда 21 матчта 1 гол соқты. 2026 жылдың ақпанында ол еркін агент ретінде жезқазғандық "Ұлытау” командасының сапына қосылды.
Қазіргі таңда Transfermarkt порталы ойыншының трансферлік құнын 75 мың еуроға бағалап отыр.
Біздің серіктес: FONBET