Жарнама
Жарнама

Агуэроға жасалған ота сәтті өтті

25.06.2020, 21:10
Алаңға тез оралуын тілейміз!
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Сити" шабуылшысы Серхио Агуэро тізесіне ота жасатты. Бұл туралы ойыншының өзі әлеуметтік желіде айтты. Естеріңізге сала кетейік, аргентиналық футболшының Англия Премьер-лигасындағы «Бернлимен» (5:0) болған матчта алған жарақаты хирургияның көмегін қажет етті. Ойыншы бірінші таймның соңғы жағында жарақат алып, тексеру кезінде дәрігерлер сол жақ менискінің сынуы диагнозын қойды. Ота Барселона қаласында жасалды.

«Бәрі ойдағыдай өтті, жақында қалпыма келуді бастаймын. Дәрігер Кугатқа және оның командасына, сондай-ақ баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет», - деп жазды Агуэро Twitter-де.

Осы маусымда Серхио Агуэро «Манчестер Сити» үшін барлық турнирлерде 32 ойын өткізіп, 23 гол соғып, 4 голдық пас берген болатын. Аргентиналық шабуылшының алаңға қашан оралатыны белгісіз. Алайда, ол бүгін "Челсиге" қарсы болатын матчқа қатыса алмайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров