Жарнама
Жарнама

Ағылшын маманы құрама тізгінінен кетті

Қазақстанның U-16 санатындағы командасын жаттықтырған Стюарт Холл қызметін ауыстырды.

Жарнама
Жарнама

Қазақстанға Әлемдік футбол қауымдастығының тапсырмасымен келген маман алдағы уақытта ФИФА-ның техникалық сарапшысы жұмысын атқарады. Оның орнын құрамада латвиялық Виталий Астафьев басады. 

Стюарт Қазақстан U-16 командасымен бірге осы маусымда QJ League турниріне қатысты. Федерация командасы В лигасында өткізген барлық ойындарын сәтті аяқтап, турнир кестесінде жекедара көш бастады. Ағылшын маманының баптауындағы 16 жастағы жасөспірімдер өзінен екі жас үлкен спортшыларға қайратын көрсете алды. 

QJ League спорттық-сараптамалық бөлімі қызметінен кетіп бара жатқан бапкер Стюарт Холлға құрмет көрсетіп, оны маусым айының үздік бапкері атағына лайық деп таныды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: