Жарнама
Жарнама

Ағылшын Премьер лига клубтарының Еуропалық табысы анықталды

31.05.2025, 12:30

2024/25 маусымындағы Еурокубоктардан кейін Премьер лига клубтарының табысы белгілі болды. УЕФА тарапынан бөлінген сыйақы қорынан ең көп қаражат алған ағылшын клубы – “Арсенал”. Ал Конференциялар лигасын жеңіп алғанына қарамастан, “Челси” бұл тізімде соңғы орында қалды. Бұл айырмашылық әр турнирдің беделі мен қаржылық сыйақы құрылымына байланысты.

Жарнама
Жарнама

Премьер лига клубтарының 2024/25 маусымындағы Еуропадан тапқан табысы:

1. Арсенал – £117 миллион

Чемпиондар лигасында жартылай финалға дейін жеткен лондондықтар УЕФА-ның ең беделді турнирінен ең көп табыс тапты. Коммерциялық құқықтар мен телехақылар есебінен де табысы артқан.

2. Ливерпуль – £98.1 миллион

Чемпиондар лигасында жақсы нәтиже көрсеткен “Қызылдар” да қомақты пайда көрді. Сонымен қатар клубтың маркетингтік әлеуеті жоғары деңгейде.

3. Астон Вилла – £83.7 миллион

Еуропа лигасындағы сәтті өнері олардың табысын еселеді.

4. Манчестер Сити – £76.2 миллион

Чемпиондар лигасыда бұл маусымда ертерек жарыстан шығып қалса да, топтық кезеңдегі табысы мен клубтың коэффициенттік бонусы жоғары болды.

5. Тоттенхэм Хотспур – £45.4 миллион

Еуропа лигасының чемпионы атағының арқасында бұл соманы иеленді.

6. Манчестер Юнайтед – £36.4 миллион

Финалда “Тоттенхэмге” есе жіберген “Манкуниандықтар” үшін бұл маусым қаржылық тұрғыдан аса тиімді болмады.

7. Челси – £22 миллион

Еуропа конференциялар лигасының жеңімпазы атанса да, бұл турнирдің сыйақы қоры анағұрлым төмен. Сондықтан “Көктер” басқалардан қарағанда аз қаражат алды.

Бұл мәліметтер УЕФА-ның турнирлердегі сыйақы жүйесіне тікелей байланысты. Чемпиондар лигасы — ең беделді әрі ең табысты турнир, ал Конференциялар лигасы салыстырмалы түрде жаңа және сыйақы қоры аз. Сондықтан турнирдегі жетістікке қарамастан, табыс көлемінде үлкен айырмашылықтар байқалады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров