Жарнама
Жарнама

Ағылшын Премьер-Лигасы. "Ливерпуль". Чемпиондыққа тағы бір қадам

21.04.2014, 16:53
Жарнама
Жарнама
Басты қарсыласы "Манчестер Ситидің" өткен турда сағын сындырғаннан кейін, "қызылдар" 3 ұпайдың ізінен "Норвичке" барды. Бұл ойын да белгілі бір түрде, келесі демалыстағы "Челсимен" болатын "супер-матч" алдындағы репетиция болмақ. Әрине, Брендан Роджерс баптайтын жігіттер дәл бүгін жеңіске жетіп жатса, "Энфилдта" болатын ойын алдында өздеріне басымдылық жасап алмақ. Онымен қоса, "ақсүйектрдің" кешегі сүрінгені бар. Бұл жөнінде кейінірек.. Білесіз бе, кейбір командалардағы секілді "Ливерпульде" бір ойыншыға бағыныштылық жоқ. Сол қуантады. Нағыз команда, рухты ұжым. Суарес көзге түспесе Старридж, ол болмаса Коутиньо, Стерлинг. Кейде ойын жүрмей жатса қайсар капитан Джеррард ойынды сүйреп шығады. Бұндай команданы кім тоқтата алады? Кім айтады, чемпиондыққа лайықты емес деп? Өткен турда "қызылдар" сапында Коутиньо жеңіс голын тоғытып қаһарман атанса, бүгін Стерлинг тамаша ойын өрнегімен көзге түсті. Ойынның басында, алыстан допты ойықтардан қашқан машина секілді траекториямен жойқын бағыттап есеп ашса, кейін айып алаңға Суареске голға айналған пас шығарып берді. Екінші тайм басында матчтағы екінші голын тоғытты. Еншісінде екі гол, бір нәтижелі пас. Қатарынан 11-ші ойында жеңіске жетті "Ливерпуль". Осы білгенінен жаңылмаса, маусым аяғында Англияда жаңа чемпионды көруіміз ғажап емес. Тек, осы білгенінен жаңылмаса.
 

20 сәуір. Норидж. Стадион "Кэрроу Роуд". 26857 көрермен. Төреші- Андре Марринер (Бирмингем).

НОРВИЧ - ЛИВЕРПУЛЬ - 2:3 (0:2)
 Стерлинг, 4 (0:1). Суарес, 11 (0:2). Хупер, 54 (1:2). Стерлинг, 62 (1:3). Снодграсс, 77 (2:3).
Норвич Ливерпуль
 Джон Радди  Симон Миньоле
 Стивен Уиттакер  Глен Джонсон
 Расселл Мартин  Мартин Шкртел
 Майкл Тернер  Мамаду Сако
 Мартин Ольссон  Джон Флэнэган
 Брэдли Джонсон  Лукас
 Джонатан Хоусон  Стивен Джеррард
 Роберт Снодграсс  Джо Аллен, 81
 Нэтан Редмонд  Рахим Стерлинг
 Лерой Фер, 79  Филиппе Коутиньо, 75
 Гэри Хупер, 79  Луис Суарес
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Джош Мерфи, 79  Виктор Мозес, 75
 Рики ван Волфсвинкел, 79  Даниэль Аггер, 81

Ескертулер:

 Роберт Снодграсс, 29  Мартин Шкртел, 65
 Майкл Тернер, 45  Джон Флэнэган, 79
 Джонатан Хоусон, 72  

 

Шексіз сандар да бір күні шегіне жетеді деген бар. Араға бірнеше жылдар салып, Моуриньо да Примьер-Лигада, "Стэмфорд Бриджда" жеңілді. "Челси" төбесінен қара бұлтты төндірген "Сандерленд". Бұл ұжым-кесте соңындағы ең соңы команда. Осындай да болады. Кейде, маусым аяғында аутсайдер командаларды танымай қалатын кездеріміз болады. 3 күн бұрын "Эттихад" стадионынан бір ұпайды қанжығаға байлап кеткен Пойет шәкірттері, бүгін Лондонды дүрліктірді. "Қара мысықтар" деген лақап аты бекер емес. Сол қара мысықтар, жолбарысқа айналып шыға келді бүгін. "Челсиге" келер болсақ, чемпиондық жайлы ұмытса болады. Бұндай ойындағы осалдығымен, "Ливерпульден" тас-талқан болуы да мүмкін. Дегенмен де, әліптің артын бағайық. Бұл команданы кім жаттықтыратының ұмытпағанымыз да жөн. Жозеның қандай тосын сый дайындайтынын кім біледі..
 

19 сәуір. Лондон. Стадион "Стэмфорд Бридж". 41210 көрермен. Төреші - Майк Дин (Хесволл).

ЧЕЛСИ - САНДЕРЛЕНД - 1:2 (1:1)
 Это'О, 12 (1:0). Уикхэм, 18 (1:1). Борини, 82 - пенальтиден (1:2).
Челси Сандерленд
 Марк Шварцер  Вито Манноне
 Бранислав Иванович  Сантьяго Вергини
 Гари Кэхилл  Джон О'Ши
 Джон Терри  Уэсли Браун
 Сесар Аспиликуэта  Маркос Алонсо
 Неманья Матич  Ли Каттермол
 Рамирес  Джек Колбэк
 Виллиан  Себастьян Ларссон, 90+3
 Оскар, 59  Адам Джонсон, 66
 Мохамед Салах, 66  Фабио Борини
 Самуэль Это'О, 74  Коннор Уикхэм, 66
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Демба Ба, 59  Эммануэле Джаккерини, 66
 Андре Шюррле, 66  Джози Алтидор, 66
 Фернандо Торрес, 74  Ондржей Челюстка, 90+3

Ескертулер:

 Фернандо Торрес, 90+2  Ли Каттермол, 56
   Уэсли Браун, 73

 

10 жылдан астам уақыт Мойестың екінші үйі болып саналған "Гудисон Парк" бүгін Мойеске қонақжайлылық танытпады. Осы маусымда маңдайының соры бес елі шотландиялық маман, бұрынғы клубынан екінші рет жеңілді. Тайм ортасында алаң иелерін қорғаушы Бэйнс алға шығарды, Осыдан кейін де, манкуниандықтар еншісіне доп иелігінен басқаны бермеген "Эвертон", Миральяс голынан кейін есепті еселеді. "Эвертон" төртінші орынға шығып, тіпті, Арсеналды келесі маусымға Чемпиондар Лигасынсыз қалдыруы мүмкін. Ал, "Манчестер Юнайтедке" Еуропа Лигасына да жолдамадан қағылуы мүмкін. Күлкілі-ақ. Әдетте, Чемпиондар Лигасы десе-есімізге түсетіндердің алдынғы қатарындағы "қызыл сойқандарымыз", қазіргі таңда Еуропа Лигасынын деңгейіне жетпеуде. Ұлы команданың дағдарысы қашанға дейін жалғаса бермек?
 

20 сәуір. Ливерпуль. Стадион "Гудисон Парк". 39436 көрермен. Төреші - Марк Клаттенбург (Ньюкасл-апон-Тайн).

ЭВЕРТОН - МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - 2:0 (2:0)
 Бэйнс, 28 - пенальтиден (1:0). Миральяс, 43 (2:0).
Эвертон Манчестер Юнайтед
 Тим Ховард  Давид Де Хеа
 Симус Коулмен  Фил Джонс
 Джон Стоунс  Крис Смоллинг
 Сильвен Дистен, 46  Джонни Эванс, 61
 Лейтон Бэйнс  Александр Бюттнер
 Гарет Бэрри  Майкл Кэррик
 Джеймс Маккарти  Даррен Флетчер
 Росс Баркли, 70  Луиш Нани, 61
 Кевин Миральяс, 90+4  Хуан Мата
 Стивен Нейсмит  Синдзи Кагава, 75
 Ромелу Лукаку  Уэйн Руни
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Антолин Алькарас, 46  Антонио Валенсия, 61
 Леон Осман, 70  Хавьер Эрнандес, 61
 Эйден Макгиди, 90+4  Дэнни Уэлбек, 75

Ескертулер:

 Росс Баркли, 47  Фил Джонс, 27
 Джеймс Маккарти, 60  Крис Смоллинг, 50

 

"Арсенал" да ірі жеңіске жетеді екен-ау. Бұл команданың ірі жеңісін көрмегенімізге де біраз уақыт өтіпті. "Қонақта" Халл Ситиді тас-талқан етті. Жарақатына байланысты бірнеше ай алаңнан тыс өмір сүрген Рэмси, оралғаннан кейінгі бірінші голын тоғытты. Үзіліске бірнеше секундтар қалғанда Подольски есепті 2-0-ге жетізсе, екінші таймда өз атына дубль жазды. Алтынға емес, төртінші орынға таласып жатқан Венгер шәкірттері, бесінші орындаы "Эвертоннан" бір ұпай озып келеді.
 

20 сәуір. Кингстон-апон-Халл. Стадион "Кингстон Коммьюникейшн". 24762 көрермен. Төреші - Джонатан Мосс (Йоркшир).

ХАЛЛ СИТИ - АРСЕНАЛ - 0:3 (0:2)
 Рэмси, 31 (0:1). Подольски, 45 (0:2). Подольски, 54 (0:3).
Халл Сити Арсенал
 Стив Харпер  Войцех Щесны
 Ахмед Аль-Мухаммади  Бакари Санья
 Джеймс Честер  Пер Мертесакер
 Кёртис Дэйвис  Лоран Косельни
 Лиам Росеньор  Начо Монреаль
 Том Хаддлстоун  Микель Артета
 Джейк Ливермур  Аарон Рэмси
 Джордж Бойд, 84  Санти Касорла
 Дэвид Мейлер  Месут Озил, 61
 Никица Елавич, 69  Лукас Подольски, 84
 Шэйн Лонг, 46  Оливье Жиру, 74
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Мэтт Фрятт, 46  Матье Фламини, 61
 Стивен Куинн, 69  Алекс Чемберлен, 74
 Роберт Корен, 84  Яя Саного, 84

Ескертулер:

 Дэвид Мейлер, 16  Пер Мертесакер, 14

 

Ағылшын Примьер-Лигасының 35-ші турының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар; Тоттенхэм-Фулхэм-3:1 Голдар: Паулиньо, 35 (1:0). Сидуэлл, 37 (1:1). Кэйн, 48 (2:1). Кабуль, 62 (3:1). Астон Вилла-Саутгемтон-0:0 Кардифф Сити-Сток Сити-1:1 Голдар: Арнаутович, 45+3(0:1, пенальтиден). Уиттенгем, 51(1:1, пенальтиден) Ньюкасл-Суонси-1:2 Голдар: Амеоби, 23 (1:0). Бони, 45+2 (1:1). Бони, 90+2 - пенальтиден (1:2). Вест Хэм-Кристал Пэлас-0:1 Гол: Единак, 59(0:1, пенальтиден)  

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын ұпай тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  ЛИВЕРПУЛЬ 35 25 5 5 96-44 80
2  ЧЕЛСИ 35 23 6 6 67-26 75
3  МАНЧЕСТЕР СИТИ 33 22 5 6 88-34 71
4  АРСЕНАЛ 35 21 7 7 62-41 70
5  ЭВЕРТОН 35 20 9 6 57-34 69
6  ТОТТЕНХЭМ 35 19 6 10 51-49 63
7  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 34 17 6 11 56-40 57
8  САУТГЕМПТОН 35 13 10 12 50-45 49
9  НЬЮКАСЛ 35 14 4 17 39-54 46
10  СТОК СИТИ 35 11 11 13 39-49 44
11  КРИСТАЛ ПЭЛАС 35 13 4 18 28-41 43
12  ВЕСТ ХЭМ 35 10 7 18 38-48 37
13  СУОНСИ 35 9 9 17 47-51 36
14  ХАЛЛ СИТИ 34 10 6 18 34-43 36
15  АСТОН ВИЛЛА 34 9 8 17 35-49 35
16  ВЕСТ БРОМВИЧ 33 6 15 12 40-51 33
17  НОРВИЧ 35 8 8 19 28-56 32
18  КАРДИФФ СИТИ 35 7 9 19 31-65 30
19  ФУЛХЭМ 35 9 3 23 35-77 30
20  САНДЕРЛЕНД 34 7 8 19 33-57 29

 

Сұрмергендер тізімі: 1.Луис Суарес(Ливерпуль)-30 2.Даниэль Старридж(Ливерпуль)-20 3.Яя Туре(Манчестер Сити)-18(6) 4.Джей Родригес(Саутгемптон)-15 Серхио Агуэро(Манчестер Сити)-15 Уэйн Руни(Манчестер Юнайтед)-15(2)   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров