«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп Премьер-Лиганың осы маусымдағы үздік менеджері атанды.
Осылайша, неміс маманы бұл жүлдені екінші рет жеңіп алды. Клопп 2020 Англияның үздік бапкері деп танылған еді.
«Ливерпуль» Премьер-лигада 92 ұпай жинап, маусымды екінші орында аяқтады. «Манчестер Сити» 93 ұпай жинап, чемпион атанды.
Еске салайық, Клопп «Ливерпульді» 2015 жылдың 8 қазанында тізгіндеген болатын. Осы уақыт ішінде 54 жастағы маман мерсисайдтық клуб сапында алты трофейге қол жеткізді. Юргеннің жетекшілігімен «Ливерпуль» Чемпиондар лигасын, Англия чемпионатын, Лига кубогін, Англия кубогін, УЕФА суперкубогін және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.
Клопптың англиялық клубпен келісім-шарты 2026 жылға дейін есептелген.
Біздің серіктес: FONBET