Бәске бәрі тігілген алтын матч Тұманды Альбионда болмақ. 24 жыл бойы чемпиондық дәмін татпаған "Ливерпуль" өз алаңында басты қарсыласы "Манчестер Ситиді" қабылдайды. Негізі "Ливерпульдің" бұл маусымдағы жолы бір қызық. Команда маусымды, тіпті Чемпиондар Лигасының орнына таласар командалар арасында аутсайдер санатында бастады. Маусым ортасына қарай Чемпиондар Лигасына жолдама берер орындардан бір-ақ шықты. Енді, міне күтпеген жерден чемпиондыққа таласып жатыр. Өзге үшін күтпеген жай болса да, өздерінің еңбегі ғой, неге таласпасқа?
Наурыз айының аяқ жағында, 12-14 сәуір күндері Англияда өтетін бүкіл футбол матчтары 7 минут кеш басталып, онымен қоса ойындар алдында 1 минуттық үнсіздік жариялансын деп шешім қабылданған болатын. Себеп жоқ емес. 1989-шы жылы 15-ші сәуіп күні, Шеффилд шаһарындағы "Хилсбро" стадионында жанкүйерлер арасындағы қақтығыс кезіңде, 96 адам дүниеден озып, спорт тарихындағы ең үлкен трагедия орын алғантұғын. Орталық матч та үнсіздікпен басталды. Күтілген жағдай орын алды ойын басында. "Ливерпуль" "қалалықтарды" тығырыққа тіреді, жоғары прессинг, әдемі комбинациялар, үздіксіз шабулылдардың нәтижесі жылдам голға алып келді. 6-ші минутта Суарестың пасын ұтымды пайдаланған Стерлинг есеп ашып, "Энфилд" стадионын қуанышқа бөледі. Тайм ортасында, топ-клубтарға гол салуды жаны сүйетін қорғаушы Шкртел есепті еселеді. Бірінші бөлік осылай аяқталды. Толықтай "Ливерпульдың" басымдылығы.
Екінші тайм басталысымен "Ливерпульдың" қорғанысы сыр бере бастады. Жиі-жиі қателіктерінің нәтижесі "қалалықтардың" 5 минут ішінде тоғытқан екі голына алып келді. Есеп теңескеннен кейін, ойын үш нәтижеге жүрді. Тең аяқталуы мүмкін, немесе белгілі бір сәтте бір команданың қателігі екінші команданың жеңісіне алып келуі мүмкін еді. Сәттілік "Ливерпульге" күле қарады. Манчестерліктердің капитаны, Компанидің жоқ жерден қателігінен кейін, Коутиью Хартты қапыда қалдырып, жеңісті команда қанжығасына байлады. Мүмкін, бұл алтын гол болар, кім біледі? Ойын басталған кезде, чемпиондық тағдыры Манчестер Сити қолында болса, енді Ливерпуль қолында. Бұл да бір үлкен психологиялық қысым. Роджерс шәкірттері қысымда қысылып қалмай ма оны уақыт көрсетеді.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Турнир кестесі. |

Біздің серіктес: FONBET