Жарнама
Жарнама

Ағылшын Примьер-Лигасы. Мейрамға сыйлық-0:6

24.03.2014, 04:42
Жарнама
Жарнама
Венгер үшін бүгін айтулы күн, ол үшін-кішігірім мейрам. Алаңға "зеңбірекшілерді" бүгін ол, 1000-шы рет Арсенал жаттықтырушы ретінде бастап шықпақ. Әрине, әлем футболында мұндай жетістіктерімен мақтана алатын жаттықтырушылар саусақпен санарлық. Және де, мейрам анау-мынау кездесуге емес, "Стэмфорд Бриджда", "Челсимен" кездесуге тұспа-тұс келді. Еуропаның бұл демалыс күндеріндегі, екінші орталық матч. Екі командаға да жеңіс ауадай қажет. "Ақсүйектер" бірінші орында тұрғанымен, оларды "Манчестер Сити" бірінші орыннан ығыстыруы мүмкін, ал "Арсенал" бүгін жеңіліп, тіпті тең ойнаса алтын жүлде арманға айналмақ. Дербиден бәрін күттік, бірақ "Арсенал" осыншалықты жер болады деп ойлаған ешкім болмағаны анық. Әлбетте, кездесуден фавориті "ақсүйектер" саналғаны анық, біріншіден дәл қазіргі таңда олар "Арсеналдан" мықтырақ, екіншіден өз алаңының басымдылығы бар. Жақында ғана "Энфилдтағы" 1:5-тен кейін, міне "Стэмфорд Бридждағы" 0:6! "Арсеналдың" қорғаушыларын өз елінің ұлттық құрамасында өнер көрсетеді деп кім айтады? Бәлкім, төрешінің қателігі болмағанда, бұндай есеп тіркелмеуші еді дер. Оған дейін де есеп, 0:2 болып тұрған. Егер, ойын аяғына дейін, "Челси" ойыншыларының жомарттылығы болмағанда, Ағылшын Примьер-Лигасының тарихында тіркелмеген есеп тіркелуші ме еді? Кім біледі.. Чемпион боламыз деген армандары көкке ұшты. Еске түсірсек, Арсен Венгер шәкірттері маусымды өте сәтті бастағантұғын. Ұзақ уақыт көш бастады, онымен қоса, екінші орындағы қарсыласынан 6 ұпай ұзаған кездері де болды. Проблема неде? Түсініксіз! Мүмкін, өз-өздерінен сескенген болар, мүмкін өз күштерін асыра сілтеген болар. Арсен Венгер бұндай масқаралықтан кейін, отставкаға өтініш жазса да артықтық етпес еді. Шәкірттерінің мейрамына сыйлаған сыйлықтары осы болды. Ал, "Челсида" бір айдай уақыт бұрынғымен салыстырғанда ойынында тұрақтылық бар. Нағыз ысылған ұжым. "Челсидің" мынандай жеңісінен кейін, Златан бастаған жігіттер жеребе лағынет айтып, тізелері дірілдемегенге кім кепіл?

22 наурыз. Лондон. Стадион "Стэмфорд Бридж". 41614 көрермен. Төреші - Андре Марринер (Бирмингем).

ЧЕЛСИ - АРСЕНАЛ - 6:0 (4:0)
 Это'О, 5 (1:0). Шюррле, 7 (2:0). Азар, 17 - пенальтиден (3:0). Оскар, 42 (4:0). Оскар, 66 (5:0). Салах, 71 (6:0).
Челси Арсенал
 Петр Чех  Войцех Щесны
 Бранислав Иванович  Бакари Санья
 Гари Кэхилл  Пер Мертесакер
 Джон Терри  Лоран Косельни, 46
 Сесар Аспиликуэта  Киран Гиббс
 Давид Луис, 71  Микель Артета
 Неманья Матич  Алекс Чемберлен, 46
 Андре Шюррле  Томаш Росицки
 Оскар, 67  Санти Касорла
 Эден Азар  Лукас Подольски, 24
 Самуэль Это'О, 10  Оливье Жиру
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Фернандо Торрес, 10  Томас Вермален, 24
 Мохамед Салах, 67  Карл Дженкинсон, 46
 Джон Оби Микел, 71  Матье Фламини, 46

Ескертулер:

   Томаш Росицки, 52
   Киран Гиббс, 15(қызыл қағаз)

 

Теннисте жиі тіркелетін есеп, Англияның Кардифф қаласындағы "Кардифф Сити" жасыл алаңында тіркелді. "Челсидің" турнир кестесінде өкшелей қуып келе жатқан "Ливерпуль", 6:3 есебімен қарсыласын тас-талқан етті. Хет-трик еншілеген Суарес, қорғаушы екенін ұмытып дубль жасап тұратын Шкретел("Арсенал" қақпасына тоғытқан екі гол да естеріңізде болар), голға айналар пастардың шеберi Старридж, осы ойынщылар арқасында "Ливерпуль" 6 гол тоғыты. Әрине, бүкіл ұжымның еңбегін де атап өткен жөн. Керемет команда! Сонау 2005-ші жылдан бері "Ливерпуль" дәл осындай тамаша ойын көрсетпеген болар.

22 наурыз. Кардифф. Стадион "Кардифф Сити". 28018 көрермен. Төреші - Нил Сварбрик (Ланкашир).

КАРДИФФ СИТИ - ЛИВЕРПУЛЬ - 3:6 (2:2)
 Мутч, 9 (1:0). Суарес, 16 (1:1). Кэмпбелл, 25 (2:1). Шкртел, 41 (2:2). Шкртел, 54 (2:3). Суарес, 60 (2:4). Старридж, 75 (2:5). Мутч, 88 (3:5). Суарес, 90+6 (3:6).
Кардифф Сити Ливерпуль
 Дэвид Маршалл  Симон Миньоле
 Кевин Теофиль-Катрин  Глен Джонсон
 Стивен Кокер  Мартин Шкртел
 Кала  Даниэль Аггер
 Деклан Джон, 65  Джон Флэнэган, 73
 Фабио  Стивен Джеррард
 Гари Медель  Джо Аллен
 Ким Бо Кьюн, 65  Джордан Хендерсон
 Джордан Мутч  Филиппе Коутиньо, 68
 Крейг Беллами, 70  Луис Суарес
 Фрейзер Кэмпбелл  Даниэль Старридж, 90+2
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Матс Меллер Дели, 65  Рахим Стерлинг, 68
 Уилфрид Заха, 65  Али Сиссоко, 73
 Кенуайн Джонс, 70  Мамаду Сако, 90+2

Ескертулер:

 Кала, 33  Стивен Джеррард, 2
 Фабио, 50  Мартин Шкртел, 90+2
   Даниэль Аггер, 90+4

 

"Манчестер Сити" алтынға таласуын жалғастыруда! Кезекті турда өз алаңында "Фулхэмды" қабылдаған "қалалықтар", 5:0 есебімен жеңіске жетті. Қарсылас қақпасына жауапсыз 5 гол тоғытты. Чемпиондар Лигасынан да, Англия кубогінен де жарыс жолын тоқтатқан Пеллегрини шәкірртері, бар күшін чемпионатқа салатыны анық. Дәл қазіргі таңда, ұпай саны "Челсиден" алтауға кем болғанымен, 3 ойын олардан кем өткізген. Теориялық тұрғыдан оларды қуып жетіп қана қоймай, 3 ұпайға басып озуы мүмкін. Чемпиондыққа мүмкіндіктері бар, онымен қоса "Челси" екі алаңда шайқасқа түспек. Бұл да бір "қалалықтардың" басымдылығы.

22 наурыз. Манчестер. Стадион "Этихад". 47262 көрермен. Төреші- Джонатан Мосс (Йоркшир).

МАНЧЕСТЕР СИТИ - ФУЛХЭМ - 5:0 (1:0)
 Туре, 26 - пенальтиден (1:0). Туре, 54 - пенальтиден (2:0). Туре, 65 (3:0). Фернандиньо, 84 (4:0). Демичелис, 88 (5:0).
Манчестер Сити Фулхэм
 Джо Харт  Дэвид Стокдэйл
 Пабло Сабалета  Саша Ритер
 Мартин Демичелис  Джон Хейтинга
 Джолеон Лескотт  Бреде Хангеланд
 Александар Коларов  Фернандо Аморебьета
 Фернандиньо  Вильям Квист
 Яя Туре, 77  Стив Сидуэлл
 Джеймс Милнер  Йон Арне Риисе
 Самир Насри, 81  Киран Ричардсон, 55
 Давид Сильва, 68  Александр Качаниклич, 55
 Альваро Негредо  Кали Вудроу, 84
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Хесус Навас, 68  Льюис Холтби, 55
 Джек Родуэлл, 77  Патрик Робертс, 55
 Стеван Йоветич, 81  Пайтим Касами, 84

Ескертулер:

   Фернандо Аморебьета, 26
   Стив Сидуэлл, 64
   Патрик Робертс, 65
   Льюис Холтби, 90+2
   Фернандо Аморебьета, 53(қызыл қағаз)

 

Арнайы қонақтар отыратын жерде ойынды тамашалап отырған Бекхэм езуінде күлкі пайда болды, Рунидің голынан кейін. Біраз жылын арнаған, командасының голына қуанғаны бар, ол түсінікті. Онымен қоса бұл күлкі жай ғана күлкі емес! Бәлкім Руни осы голымен, әлем футболының жұлдызының есіңе, өзінің жастық шағын түсірген болар. "Олд Траффордтағы" Бекхэмның дәл осындай голы, футболды кем дегенде 15 жыл тамашалап келе жатқан әрбір жанкүйер есіңде шығар!  Сол голды міне бүгін Руни қайталады, "Вест Хэммен" қонақтағы ойында есеп ашты. Ал, 33-ші минутта есепті еселеп, "Юнайтед" үшін, әсіресе, Мойес үшін баға жетпес жеңісті қанжығалады. Әдетте, кем дегенде осыдан бір жыл бұрын "Манчестер Юнайтедтің" қатарынан екі жеңісіне ешкім таң қалмаған болса, қазіргі таңда жағдай басқа. Өткен ойында, өз алаңында "Олимпиакосты" тас-талқан етіп, кішігірім сенсация жасаса, бүгін міне, чемпионаттағы жеңіс! Намыс үшін, команданың тарихы үшін, жанкүйерлер үшін, тағдыры қыл үстінде тұрған Мойес үшін футболшылар қатарынан екі жеңісті еншіледі. Осылай жалғаса берсін деп тілейік! Себебі, тіпті Манчестер Юнайтед жанкүйерлері емес футбол сүйер қауым да, бұндай ұлы команданың осылай жылдам құлдырауға кетіп бара жатқанын қаламайтыны анық деп ойлаймыз.

22 наурыз. Лондон. Стадион "Болейн Граунд". 34237 көрермен. Төреші - Ли Мэйсон (Бостон).

ВЕСТ ХЭМ - МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - 0:2 (0:2)
 Руни, 7 (0:1). Руни, 33 (0:2).
Вест Хэм Манчестер Юнайтед
 Адриан  Давид Де Хеа
 Ги Демель  Рафаэл
 Джеймс Коллинз  Фил Джонс
 Джеймс Томкинс  Майкл Кэррик
 Джордж Маккартни  Александр Бюттнер
 Мохамед Диаме, 58  Даррен Флетчер
 Марк Ноубл  Маруан Феллаини
 Стюарт Даунинг  Хуан Мата, 78
 Мэтью Тейлор, 83  Синдзи Кагава
 Кевин Нолан, 72  Эшли Янг
 Эндрю Кэрролл  Уэйн Руни, 77
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Мэтт Джервис, 58  Хавьер Эрнандес, 77
 Карлтон Коул, 72  Дэнни Уэлбек, 78
 Антонио Ночерино, 83  

Ескертулер:

 Джеймс Коллинз, 33  Рафаэл, 11
 Мэтью Тейлор, 39  

 

Ағылшын Примьер-Лигасының 31-ші турының қалған кездесулерінің нәтижелерімен таныс болыңыздар: Эвертон-Суонси-3:2 Голдар:  Бэйнс, 20 - пенальтиден(1:0). Бони, 33 (1:1). Лукаку, 53 (2:1). Баркли, 58 (3:1). Уиллиасм, 90+2 (3:2). Халл Сити-Вест Бромвич-2:0 Голдар: Росеньор, 32 (1:0). Лонг, 38 (2:0). Ньюкасл-Кристал Пэлас-1:0 Гол: Сиссе, 90+4 (1:0). Норвич-Сандерлэнд-2:0 Голдар: Снодграсс, 20 (1:0). Тетти, 32 (2:0). Тоттенхэм-Саутгемптон-3:2 Голдар: Родригес, 19 (0:1). Лаллана, 28 (0:2). Эриксен, 31 (1:2). Эриксен, 46 (2:2). Сигурдсонн, 90+2 (3:2).

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  ЧЕЛСИ 31 21 6 4 62-23 69
2  ЛИВЕРПУЛЬ 30 20 5 5 82-38 65
3  МАНЧЕСТЕР СИТИ 28 20 3 5 76-27 63
4  АРСЕНАЛ 30 19 5 6 53-34 62
5  ТОТТЕНХЭМ 31 17 5 9 40-40 56
6  ЭВЕРТОН 29 15 9 5 43-30 54
7  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 30 15 6 9 48-34 51
8  НЬЮКАСЛ 30 14 4 12 38-40 46
9  САУТГЕМПТОН 31 12 9 10 45-40 45
10  АСТОН ВИЛЛА 29 9 7 13 32-38 34
11  СТОК СИТИ 30 8 10 12 32-44 34
12  ХАЛЛ СИТИ 30 9 6 15 32-37 33
13  НОРВИЧ 31 8 8 15 26-48 32
14  ВЕСТ ХЭМ 30 8 7 15 32-40 31
15  СУОНСИ 30 7 8 15 40-46 29
16  ВЕСТ БРОМВИЧ 30 5 13 12 33-45 28
17  КРИСТАЛ ПЭЛАС 30 8 4 18 19-39 28
18  САНДЕРЛЕНД 28 6 7 15 26-44 25
19  КАРДИФФ СИТИ 31 6 7 18 26-58 25
20  ФУЛХЭМ 31 7 3 21 30-70 24

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров