Кім ойлаған? Әрине, “қызылдар” Арсен Венгер шәкірттерін тізе бүктіреді дегенге сенгендер болды. Оған себеп те болды, бірінші айналымда кеткен есені қайтарғысы келеді Джеррард бастаған жігіттер, және “Энфилд” стадионындағы 90 минут бойы ән шырқайтын жанкүйерлер де соны күтетіні анық. Ал осылай таптайды деп кім ойлаған Примьер-Лиганың көшбасшысын!
“Арсеналға” бұл жеңіліс үлкен соққы, алдымен психологиялық тұрғыдан. Ал, “Ливерпуль” жарады. Суарес, Старридж, Стерлинг, Джеррардтар кез келген қарсыластың бас қатырар мәселесі болмақ. Әсіресе, осында қонаққа келетін “Манчестер Сити”, “Челси”, “Тоттенхэмдердің”. Естерінізде болса, Жаңа жыл алдыңдағы екі жеңілісінен кейін мамандар чемпиондыққа таласатын командалар тізімінен сызып тастаған “Ливерпульді”. Асығыс шешім екенін бүгін “қызылдар” дәлелдеді. Егер, маусым аяғында кем дегенде Чемпиондар Лигасына жолдама алып, осы құрамды сақтап қалар болса, келесі жылы испандық пен неміс командаларының Еуропадағы “гегемониясын” тоқтататын бірден-бір ұжым осы “Ливерпуль” болмақ.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жақында ғана бір мақалада “Манчестер Юнайтед” Примьер-Лиганың ортаң қол командасына күші жетпесе де, Еуропаның ортаң қол командасына күші жетеді деп айтқанмын. Бекер емес. Кейде осы чемпионаттың аутсайдерлерінің өзі, кәрі құрлықтың ортаң қол ұжымдарынан да мықты ойын көрсетіп жатады. “Вест Бромвич”“Ливерпульден” ұпай тартып алуы мүмкін, “Челси”“Сток Ситиден”, “Манчестер Сити”“Сандерлендтан” жеңілуі мүмкін дегендей. Бүгін де, ойлап қарасаң қиратып кетуі тиіс қарсыластан сүрінді, Пеллегрини шәкірттері. Нағыз шиеленісті, қызықты, тартысты чемпионат.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Соңғы 3 апта көлемінде 3 түрлі команда шығып көрді көш басына. “Арсенал” мен “Манчестер Ситидің” сүрінгенін пайдаланған Жозенің шәкірттері бүгін көш бастау құқығына ие болды. Дүйсенбі күні, “Эттихад стадионың” қожайындарын жеңген “ақсүйектер”, сенбі күні өз алаңында “Ньюкаслды” қабылдаған. Алан Пардью шәкірттері біраз қарсыласқанмен, бірінші таймның ортасында Азар салған екі гол олардың сағын сындырды. Екінші таймда пенальтиден гол тоғытқан Азар, еншісіне хет-трик жасап матч нүктесін қойды.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ағылшын Примьер-Лигасының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар:
Манчестер Юнайтед-Фулхэм-2:2
Голдар: Сидуэл, 19(0:1). Ван Перси, 78(1:1). Кэррик, 80(2:1). Бент, 90+4(2:2).
Тоттенхэм-Эвертон-1:0
Гол:Адебайор, 65(1:0)
Астон Вилла-Вест Хэм-0:2
Голдар: Нолан, 46(0:1). Нолан, 48(0:2).
Кристал Пэлас-Вест Бромвич-3:1
Голдар: Инс, 15(1:0). Ледли, 27(2:0). Тьеви, 46(2:1). Шамах, 69(3:1. Пенальтиден)
Саутгемптон-Сток Сити-2:2
Голдар: Ламберт, 6(1:0). Одемвингие, 38(1:1). Дэвис, 41(2:1). Крауч, 43(2:2).
Сандерленд-Халл Сити-0:2
Голдар: Лонг, 16(0:1). Елавич, 62(0:2).
Суонси-Кардифф Сити-3:0
Голдар: Раутледж, 47(1:0). Дайер, 79(2:0). Бони, 85(3:0).
Турнир кестесі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сұрмергендер тізімі:
1) 1) Луис Суарес(Ливерпуль)-23
2) 2) Даниэль Старридж(Ливерпуль)-15
Серхио Агуэро(Манчестер Сити)-15
3) 3) Яя Туре(Манчестер Сити)-12
Эден Азар(Челси)-12(2)
4) 4) Лоик Реми(Ньюкасл)-11
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Біздің серіктес: FONBET