Жарнама
Жарнама

“Аяғы қан-жоса!” – Төрешілер масқарасы әшкереленді

Бүгін, 11:04

Ақтаулық "Каспийдің" бас бапкері Пиралы Әлиев ҚПЛ-дың 2-турындағы "Оқжетпеске" қарсы ойыннан кейін төрешілер бригадасына шүйлікті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Маманның айтуынша, кездесу тағдырын тактика емес, төрешілердің шешуші сәттегі түсініксіз шешімі шешіп кеткен.

Бапкер өз сөзінде команданың апталап дайындалған еңбегі бір сәтте еш кеткеніне наразылығын білдірді. "Каспий” екінші таймда мінез көрсетіп, есепті теңестіргенімен, матч соңындағы оқиға бәрін бүлдірген.

"Командалар мен ойыншылардың тағдырымен бұлай ойнауға болмайды! Біз тактика құрып, барымызды салдық. Бірақ бәрін сызып тастайтын араласу болды. Шешуші сәтте таза пенальти берілмеді. Егер мұндай эпизодтар жазасыз қалса, бұл қайталана береді.” — деді Пиралы Әлиев.

Пиралы Әлиев жай ғана эмоцияға берілмей, нақты дәлелдердің бар екенін алға тартты. Ол ойыннан кейін шәкіртінің жарақатын өз көзімен көрген.

"Маған киім ауыстыру бөлмесінде бейнежазбаны көрсетті. Ойыншы аяғын да көрсетті — ол қан-жоса болып жатыр. Мен мұндай мәлімдемені негізсіз жасап тұрған жоқпын.” — деп ашынды бапкер.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров