Жарнама
Жарнама

«Аякстың» соңғы мүмкіндігі

16.02.2024, 00:51
Жарнама
Жарнама

«Астананың» жолын «қиғандардың» турнирдегі жағдайы нендей? Қазақстандық футболсүйер қауымның назарын бірінші аударатын, әрине,  «Виктория» мен бәрімізге өте жақсы таныс «Динамо Загреб» болады. Чехиялық команда квартетте бірінші орын алғандықтан турнирді 1/8 финалдық кезеңнен бастайды. Ал хорватия чемпионы керісінше сол кезеңге өтуі үшін Еуропа лигасында үшінші орын алған командамен жолығады. «Астананы» жиі «ренжітетін» хорваттар үшін биылғы еурожорық осы жерден аяқталатындай.

Өйткені, қарсыласы анау-мынау емес, «Бетис». «Барселонаның» қақпасына 3 гол салып жүрген испаниялық клубтың загребтен мықтырақ екені түсінікті. «Ла лигадағы» бәсекелестікті ескерсек, команданың қазіргі алтыншы орны бас бармақты шошайтып тұрып баға беруге лайық. Меніңше, «Бетис» бұл кезеңнен өтуі керек. Жалпы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы сияқты турнирлерде испандық командалардың айы оңынан туып жүретіні жасырын емес. Сондықтан, «Бетис» бұл дәстүрді бұзбайды деп ойлаймыз.

Конференция лигасының биылғы маусымында «Аякс» біразға бара ма деп топшылаймын. Иә, Нидерландының топ командасы қазір басынан ауыр күндерді өткеруде. Қазіргі «Аякс» бұрынғы «Аякстан» өзгерек десек қалай? Бұл баяғы ішкі біріншілікті бірнеше тур бұрын ұтып қоятын команда емес. Амстердамдық ұжым жүрісінен жаңылды деседі. Турнирлік жолында «Аякс» Еуропа лигасынан ауып келіп отыр. Ол жақта «Брайтон» мен «Марсельге» қайратын өткізе алған жоқ. Былай қарасаңаңыз ол екеуі де оңай командалар емес қой. Қалай дегенде де, нидерландықтардың биылғы маусымда жүлдеге қол созып қалатын соңғы мүмкіндігі болып тұр. Себебі, Голандия чемпионатынан күдер үзген. Бірінші орындағы «ПСВ-ның» жеткізбейтіні анық. Бірінші орын былай тұрсын, үшінші «Твентенің» өзінен 9 ұпайға қалып келеді. Мынандай түрімен үштіктің де ауылы алыс па, қалай өзі? Қысқасы, жанкүйерлердің алдындағы абыройын ойласа, «Аякс» бұл турнирде барын салуы тиіс. Бұл енді біздің жорамал ғой.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров