Айбар Жақсылықов "Қайсарға" ауысты

06.02.2024, 15:12

26 жасар шабуылшы жаңа маусымда Қызылордалық ұжымның намысын қорғамақ. “Қайсар” қазір Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Футболшы командаға сол жақтан қосылады. Айта кетейік, Айбар былтырғы маусымда шымкенттік “Ордабасының” сапында ел біріншілігін ұтқан болатын.

Оңтүстік клубтың жейдесінде былтыр 14 кездесуге қатысып, 2 рет мергендік танытқан. “Жетісу” футбол командасының түлегі саналатын сұрмерген өз мансабында сондай-ақ, “Тобылдың” жейдесін киген болатын.    

Материалда: