Жарнама
Жарнама

Айбар Жақсылықов «Астанаға» ауысуы туралы: «Болашағыма қатысты шешімді маусым соңында қабылдаймын»

09.10.2021, 21:43
Шабуылшы осы маусымның соңында еркін агент атанады.
Жарнама
Жарнама

«Жетісу» мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында елдің негізгі құрамына оралуы туралы айтты, сонымен қатар «Астанаға» ауысу туралы қауесетке жауап берді.

- Айбар, сені Ұлттық құрамаға қайта оралуыңмен құттықтаймын. Жарақаттан айыққаннан кейін өзіңді қалай сезінесің?

- Рахмет. Ұлттық құрамаға қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Мен қазір өзімді жақсы сезінемін. Маусымның жартысына жуығын жарақатқа байланысты өткізіп алдым. Жарақаттан кейін қалыпқа келу процессі жақсы өтті.

- Осы уақыт ішінде ұлттық құрамада бірнеше өзгерістер болды. Бас бапкер өзгерді. Ұлттық құрамадағы жаңа атмосфера қалай екен?

- Атмосфера керемет. Жігіттерге рахмет, олар мені өте жылы қарсы алды. Мен бұрын танымайтын ойыншылармен таныстым.

- Әлеуметтік желілерде сені маусым соңында елорда «Астанаға» ауысады деген қауесет тарады. Бұл қаншалықты рас?

- Әзірге ештеңе белгісіз. Мұндай қауесет өткен жылы да тарады, бірақ соңында мен «Жетісуда» қалдым. Уақыт бәрін көрсетеді деп айта аламын. Осы жылдың соңында менің «Жетісумен» келісім-шартым аяқталады. Бұл менің еркін агент болатынымды білдіреді. Содан кейін мен болашағым туралы ойланамын.

- Ұлттық құрамамыздың Финляндия мен Босния мен Герцеговинаға қарсы жақында өткізген матчтарын көрген боларсың. Жалпы, біздің жігіттер бұл командаларды жеңе ала ма?

- Мен тек соңғы ойындарды ғана емес, іріктеу кезеңінің бес кездесуін де тамашаладым. Мен жанкүйер болып, жігіттер үшін алаңдадым. Біздің команда өте жақсы ойнады. Біз сырт алаңда ұпай алдық, енді біз өз алаңымызда ойнаймыз. Жанкүйерлеріміздің қолдауының арқасында алдағы ойында жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров