Жарнама
Жарнама

Айбар Жақсылықов: «Мен алаңға шығып, командаға пайдамды тигізуге дайынмын»

22.04.2021, 20:38
Айбар өткен маусымда команданың ең үздік сұрмергені атанған болатын.
Жарнама
Жарнама

"Жетісу" клубының шабуылшысы Айбар Жақсылықов жарақатынан айыққанын және келесі матчқа қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

- Командамыздың барлық жанкүйерлеріне сәлем жолдаймын, ең алдымен мен үшін алаңдайтындардың барлығына алғыс айтамын. Мен жарақаттың салдарынан ұзақ уақыт емделдім, қалыпқа келу үшін тағы біраз уақыт керек болды. Қазір менде бәрі жақсы, жарақатымнан толықтай айықтым, мен өз командаммен бірге жаттығу жасап жүрмін, біз алда "Қызыл-Жармен" болатын ойынға дайындық үстіндеміз. Мен алаңға шығып, командаға пайдамды тигізуге дайынмын. Өздеріңіз білетіндей, команданың негізін жергілікті, жас жігіттер құрайды, олар да барын салады және біз өз жанкүйерлерімізді қуанта алатынымызға сенімдімін! Алға, "Жетісу"!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров